Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет55/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95
        36-жаттығу.  1.  Төмендегі  омоним  сөздердің  мағынасына  қарай  көркем 
шығармалардан мысал жазыңыз. 
 
Тоқ, сыр, жең, тал, түй, от, ту, жақ, кеш, ұр, қар, сау. 
 
 
Төленің қалайша «Бала би» атанғаны туралы деректер өте көп. Солардың 
енді  біріне  тоқталайық.  Төленің  бала  кезі  екен.  Ауыл  сыртында  қозы  бағып 
жүргенде  жанынан  өтіп  бара  жатқан  қос  аттының  бірі:  «Әлібек  қартайыпты, 
әділдігінен  айныпты»  -  деп  ренжіп  бара  жатқанын  естіп  қалады.  Сол  бойда 
алдарынан  шығып,  сәлем  беріп:  -  Оу,  ағалар,  әкем  Әлібектің  билігіне 
ризамысыңдар, жоқ наразымысыңдар? - дейді. 
           - Наразымыз, балам, Әкең әділ билік айтпайды, - дейді әлгілер. 
           - Ендеше қайтыңыздар, - дейді. 
Екі жақ Әлібектің алдына қайта келгенде, бала Төле: 
           -  Ата,  билікке  екі  жақ  та  риза  болуы  керек.  Әйтпесе,  ол  әділ  билікке 
жатпайды. Жеңілген де, жеңген де шындықты мойындауы керек, - дейді. 
           - Олай болса осы даудың билігін өзің айтып көрші, - дейді Төлеге.  
Төле әуелі таластың мәнісін сұрайды. Сонда дауды бастаған жігіт бота күнінде 
жоғалтқан түйесін жолда кезіккен керуеннен танығанын айтады. 
           -  Бұл өтірік айтып тұр, - дейді керуен басы саудагер. 
           -  Ал  енді  жігітім  «тапқан  қуанады,  таныған  алады»  деген,  сен  таныдым 
дейсің, қалай таныдың? 
          - Менің танығаным, түйем туар уақтысы жақындағанда бошалап кетті. Бір 
жетіге дейін таптырмаған түйем тау баурайына боздап, ары бір, бері  бір кезіп 
жүр  екен.  Ботасын  қасқыр  жесе  де,  шала  туса  да  кетпес  еді.  Сонысына  қарап 
ботасын  біреу  алып  кеткенін  түсіндім.  Содан  бері  бейсауат  жүргіншіге, 
көрінген түйеге көз салып жүруші ем, көрген бойда таныдым. 
         - Сол танып туған аруанаңыздың енесі бар ма? – дейді. 
         - Бар. 
Төле қарсы жаққа қарайды. 
          - Иә, саудагерім, сөйле! 


 
51 
          - Мынау өз түйемнің ботасы. Жалақорға тура сөзің – ізді айттыңыз. Іштегі 
ботаны танимын дегенге адам сене ме? 
          - Енесі бар ма түйенің? 
          -  Туған енесі бар. 
          -  Онда  екеуінің  де  енелерін  алдырыңдар.  Дауласқан  екеу  бесті 
атандарының енесін алдырады. 
Төле:  Атанды  жығыңдар  да  тақымына  қыл  бұрауды  салыңдар!  -  дейді.  Жұрт 
айтқанын  лезде  орындайды.  Бесті  атанның  тақымына  қыл  шылбырды  салып, 
шыңғырта бұрағанда, таныған жігіттің түйесі көзінен жас парлап, мұрындығын 
жұла-мұла  шыңғырып  жатқан  атанның  үстіне  түсе  қалады.  Ал  аларман 
саудагердің түйесі орнынан қозғалмайды, жайымен күйсеп тұра береді. 
           -  Оу,  халайық,  көріп  тұрсыңдар,  мына  жануар  шын  енесі  екен.  Не 
дейсіздер? 
          - Рас, хайуан біліп тұр. Төлежан бұл әділдігіңе ризамыз, - деседі жұрт. 
Төле саудагерге қарап: 
          -  Ә,  саудагерім,  мынау  хайуан  да  болса  әділетін  халықтың  алдына 
көрсетті.  Атанның  кімдікі  екеніне  халықтың  көзі  жетті.  Сен  енді  құтыла 
алмайтын  болдың.  Күнәні  мойынға  алған  жеңіл.  Мына  халықтың  алдына 
шығып шындығыңды айт, - дейді. 
         - О, халайық, осыдан бес жыл бұрын сахарадан қалаға қайтып келе жатып, 
жапан  түзде,  бір  төбенің  баурайында  боталаған  түйенің  үстінен  шықтым. 
Ботасы  аяқтана алмай, жығылып  – тұрып жатыр екен. Түйесін алсам, ұрласам 
сіңіре  алмаймын.  Жолда  ел  көреді.  Пәленше  саудагер  алып  бара  жатыр  дейді. 
Менің  кәсібім  ұрлық  емес,  саудагерлік.  Мына  ботаны  алып  кетсем  ешкім 
білмейді. Алашаға ораймын да қомның арасына таңа саламын. Бір жылдан соң 
түйе болып шыға келеді. Бір түйе маған аз олжа ма деп, сол ботаны алып кетіп 
едім. Кешсеңдер де, бас кессеңдер де өздерің біліңдер, - дейді судагер. 
          - Төрелігін бидің өзі айтсын! – деп шу ете түседі жұрт. 
Сонда бала Төле: 
          - Өздеріңіз көріп, біліп тұрсыздар, мына жігіт дүниені еңбекпен тауып еді. 
Бұл көп  алдында беті  ашық, жарқырап тұр.  Ал  мына саудагер еңбексіз  тауып, 
жұртты алдап, тегін алып еді. Енді мұның беті күйіп тұр. Бұл оқиға кейінгілерге 
үлгі. Саудагердің халық алдында масқарасы  шықты.  Беті қара бет болғаны да, 
шарық болғаны да жетеді. Бұдан артық жаза жоқ, - дейді сөзін қорытындылаған 
жас Төле. 
 
2. Сөздің көп мағыналығы деген не? 
3.  Мәтіннен  омонимдерді  тауып,  оның  қанша  мағынада  қолданылатынын 
түсіндіріңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет