Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет57/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95
        38-жаттығу. 1. Берілген сөздерден сөйлем құраңыз. 
 
Қой, қаз, хал, ор, ер, қал, мін, ақ, қақ, сал. 
 
Бойы  өсіп,  бұғанасы  әлі  қата  қоймаған  қос  жетім  бозбала  Рысбек  пен 
Тұрыс  Аңырақай  шайқасы  кезінде  мәйіт  болған  атасы  Қарабатырмен  бірге 
туған  жатырлас  бауыры  Тәтті  қарттың  асында  осындай  ағаш  түрткі  –  қорлау 
көреді. Қырық жыл қырғын болса да  ажалдан ғана өледі  – деп санайтын қазақ 
үш  нәрсеге  –  ұйқыға,  ас  –  тағамға  және  ойын-күлкі,  махаббатқа  ешқандай 
тоқтау жоқ деп білген ғой. 
Бұлай  халқымызға жақсылық  сыйлаған қолбасшының әруағына әрдайым 
дұға оқып, оны еске аламыз деген екен. «Үш жүзге үлгі айтқан Төле би қандай 
да  болса  даулы  мәселені  қорытындылаған  соң,  кейін  ешкім  сөз  өрбітпеген»  - 
дейді.  Тоғызыншыдан,  жаумен  жағаласқанда  төбесін  көрсетпей  кеткен  ер 
жаман. 
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара, 
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны. 
Атаға бөлінгендер адыра қалады. 
 
Сонда  Майқы  би  тұрып  «Мен  ақсақпын  ғой,  Шыңғыспен  бірге  арбаға 
мініп отырайын» – дейді. Бұл аңыздар Майқы бидің өз заманында аса беделді, 
ақылды,  ірі  адам  болғанын  аңғартады.  Жоңғар  қақпасын  күзетуге  тек 
үйленбеген  жас  жігіттер  мен  елуден  асқан  егде  азаматтар  ғана  қалды.  Патша 
тақтан құлағаннан кейін Романов  аты Ойрантөбе, Қаратөбеден өшкенімен осы 
жерде  қазақ  елінің  азаматтығы  үшін  қаза  тапқан  Секер,  Барақтың  аттарын 
айтуға да тыйым салынды. 
 
2. Сөздің көп мағыналығын қалай түсінесіз? 
3. «Мақтаншақ, бөспе, даңғой, күпілдек»  - қандай сөз екенін түсіндіріңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет