Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет60/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95
        41-жаттығу.  1.  Төмендегі  сөйлемдерді  оқып,  синоним  сөздерді  топ-
тобымен көшіріп жазыңыздар. 
 
1. Алтын жығақ болса да, жаға менен жең керек, 
Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек, 
Халық бар жерде сауық бар. 
 
2. Үйірілген, сары алтындай сары қымыз, 
Ауруға – ем, сауға – қуат, дәрі қымыз. 
 


 
56 
3. Қоймаға құйылған дән, 
Халыққа бұйырған дәм. 
 
4. Жалған намыс қасиет емес, 
Ар сақтаған қасиет. 
 
5. Жаман болса, жақын – жау, 
Шабан болса, атың – жау, 
Шайпау болса, қатын – жау... 
 
6. Жара тәнді мазалайды, 
Жала жанды жаралайды. 
 
7. «Екі ел сыйла болса бірін-бірі қимас болар». 
 
8. Жебең жетпесе, семсер сілтеме, 
«Оқ жетпес жерге, қылыш сілтеме». 
 
9. Жолдан адасқан – ауыл таппас. 
Елден адасқан – бауыр таппас. 
Естен адасқан – досын таппас. 
Көштен адасқан қосын таппас. 
 
10. Айыпкерде айбат жоқ, 
Айлакерде қайрат жоқ. 
 
11. Мұз тағдырын сең шешер, 
Сең тағдырын сел шешер. 
 
2. Сөз мағынасының кеңеюі мен тарылу заңы туралы не білесіз? 
3. Синонимдік қатар дегеніміз не? Мысал келтіріңіз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет