Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет70/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95
       53-жаттығу. 
1. 
Берілген 
төмендегі 
эвфемизмдермен 
сөйлем 
құрастырыңыз. 
 
        Қосып  айту,  қолды  болыпты,  ала  жібін  аттамау,  сөзуарлау,  жүріп  кетті, 
қолына құс қондыру, опат болу, үйлі-баранды болу, баласын аяқтандыру, мерт 
болу,  жасыл  түсті,  мүкісі  бар,  кемтарлау,  жүкті,  ауқатты  әйел,  түс  шайысты, 
тетелес, тентек су. 
 
ҮЛГІ:  Жасы  жеткен  апамыз  анда-санда  қайтпас  сапарға  кеткен  шалын  ойлап, 
көзінің жасын үйдегілерге білдіртпей сығып алатын. 
 
2. Эвфемизмдермдің ерекшелігі неде? 
3. Табу сөздер қалай пайда болған?  
 
         54-жаттығу.  1.  Көп  нүктелердің  орнына  тиісті  метафораны  және 
метонимияны немесе синекдохаларды қой. 
 
         1.  Сөйтіп,  әрең  бас  қаққан  бүкіл  қазақ...  ыдыратпай,  бөлінбей,  жоңғарды 
біржола қуып, енді қайтып қазақ жерін баспайтын етерміз деген ізгі үміт еді. 2. 
Ол  алада  елден  аттанарда  ордабасынан  басталған  ұлы  жорықтың  ...  келіп 
түйісіп,  жоңғар  түмендерімен  тіресе  тоқтағанынан  хабар  алған.  3.  Ертең 
төңіректегі ... шақырып, апамның жетісін бермек әрі өзінің түсіріп келген олжа 
малым  деп  мақтанғаны  ма?  әлде  ...  бір  майлап,  риза  қып  жіберсем,  менің 
өткенімді  қазбалап  не  шаруасы  бар,  тойғанына  мәз  болып  кете  берер  деді  ме, 
әйтеуір  шілденің  шыжыған  ыстығында  төбеден  бір  ту  биені  сойыпты  да 
тастапты.  5.  Сонымен  қоса  ...  жеңісінен  кейін  Райымбек  бастаған  өз 
балаларының аты  шулы Сары  – Манжа шерігін қалай қаусатқанын  естіп-білді. 
6. Күн күзге айналған сайын жердің оты қашып, ... тақырлана бастаған. 7. Олар 
кеткеннен кейін Қойайдар би төңіректегі  әр ауылдың ..., үйіне шақырып алды. 


 
66 
8. Райымбек ұрыстан қол босаған сәттерде, әсіресе, ұйқыға жатар алдында біраз 
оңаша жүріп кетіп,  ... шомып барып, қайта оралатыны бар. 9. Сондай ауыр да 
азапты  ...  келе  жатқанда  қоңтайшаға  көмек  сұратып  жіберген,  Шамал  ханның 
екі  жаушысы  екі  есе  көбейіп,  төртеу  болып  алдарынан  шықты.  10.  Биеке, 
Бердікей, Қабай жырау қатарлы лебізіне жүріп ... қазылы қарияларды Райымбек 
ең  алдымен  өз  тіліне  көндіріп,  содан  кейін  солар  арқылы  басқаларды 
жұмылдырды. 
 
Көп  нүктенің  орнына  қойылатын  сөздер,  сөз  тіркестері.  Жұрттың 
мұртын,  үлкен  кішіні,  Аңырақай  атқа  мінерлерін,  терең  ой,  қолын,  қиял 
құшағында, Алакөлге қырдың төсі, құлақ асатын.  
 
2. Эвфемизмдер қандай мағынаны білдіреді? Олардың тілдегі орны қандай? 
3.  Ілгері,  ерте,  араз,  адал,  дұрыс,  алғыс  –  мына  сөздердің  антонимдерін 
тауып, жазыңыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет