Қазақ тілі (фонетика, лексика)



Pdf көрінісі
бет93/95
Дата14.03.2022
өлшемі0,83 Mb.
#27899
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95
        2-  жаттығу.  1.  Мына  синонимдердің  баламасын  (синонимдер  сөздігі 
бойынша)  табыңыздар да көркем шығармадан сөйлем жазып келіңіздер. 
          
         Бет, билік, шешен, әдіс, кездесу, зерек, мұғалім, өкіну, құтқару. 
 
ҮЛГІ:    Ұлжан  бұрынғыша  етті  болса    да,    қазір  кәрілікке  жеңгізгендей,  жүзі 
сарғылт тартқан /Әуезов/. 
2. Синонимдер сөздігі туралы не білесіздер. 
3. Бір тілдік сөздіктерге қандай сөздіктер жатады? Олардың ерекшелігі неде? 
 
      3- жаттығу.  Мына мәтіннің ішінен омоним болатын сөздерді табыңыздар. 
 
       Әз Жәнібек қасында Жиренше шешені бар бір топ нөкерлерімен құс салып,  
тазы  жүгіртіп, сайраңдап келе жатса, алдарынан көл шығыпты. Көл жағасында 
бір топ қаз бір-бір аяқтарын көтеріп, жусап тұрады. Хан жігіттеріне:                         
        -  Томағаларын  сыпырып,  құстарды  қоя  беріңдер!  –  дейді.  Жігіттер  дабыл 
қағып, құстарын қоя береді. Аяқтарын көтеріп, жусап тұрған қаздар екі аяқтап 
жорғалап  барып,  аспанға  көтеріліп  келеді.  Осы  бір  сәтті  пайдаланған  хан, 
Жиреншені тағы бір сынамақ болады.  


 
80 
- Жиреншем,  әлгі  де  бір  аяғымен  тұрған  қаздар,  екі  аяқтап  жорғалап  кетті 
ғой, бұл қалай? 
Сонда  Жиренше саспапты: 
-  Е,  е,  хан  ием,  сіздің  басыңызға  әңгір  таяқ  ойнатып,  дабыл  қақса,  екі 
аяқтап  емес, төрт аяқтап қашарсыз!- депті. 
2. Салыстырмалы сөздікті қалай түсінесіздер? 
3. Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі қашан шықты, авторлары кімдер? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   95




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет