Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет103/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

Балалардың Наурыз мейрамы туралы түсініктері мен білімдерін дамыту; наурыз көже және оның құрамындағы тағамдар туралы білімдерін бекіту; ұлттық дәстүрлердің бірі-сүйінші берумен, ізгі хабар үшін берілетін сүйіншіні таныстыруды жалғастыру; қазақ өнімдерінің түрлері (сүт, ет, ұн) туралы білімдерін қорытындылау; "сүт", "ет", "ұн" сөздерінен шыққан түбірлі сөздер арасындағы байланысты көрсетуді жалғастыру; дұрыс тамақтану, дәстүрлерді құрметтеу туралы түсініктерін нақтылау: сурет бойынша сөйлем құрастыру дағдыларын дамыту; мәтіндегі тірек сөздерді табуға, оларды қазақ тілінде дұрыс дыбыстауды үйрету; наурыз көже құрамындағы жеті тағамның атын есте сақтау, жатқа айтуға машықтандыру; балаларды ұйымдастырушылыққа, асқа деген құрметке, ұлттық тағамдарды, салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "киіз үй", "алтыбақан", "тағам", "дастарқан", "қонақтар", "сыйлау", "от", "ат жарыс", "мерекелік ас", "жақсы хабар" (су, ет, тұз, бидай, құрт, сүт, ұн) сөздерін енгізу, Наурыз мерекесіне қатысты сөз тіркестерімен сөздік қорларын дамыту.
"Қара жорға" аудиожазбасы.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар,нұсқау таяғы,
интерактивті тақта.
Наурыз мерекесі туралы демонстрациялық сурет.
"Наурыз" тақырыбындағы сөздік жұмысына арналған суреттер:
"Тағамдар" тақырыбындағы толтырылған зияткерлік картаның
схемасы.
Сурет: мерекелік дастархан үстіндегі наурыз көже.
Бір стильдегі суреттердің тізбегі: су, ет, тұз, бидай, құрт, сүт, ұн.
Сүйінші хабар жайлы өлең негізіндегі суреттер.
Сүйіншіге арналған сыйлықты бейнелейтін тақырыптық суреттер:
жылқы, тиын салынған қап, шапан, робот ойыншық, кілем, қошқар, кітап.
Орташа қарқынды әуеннің ырғақты аудиожазбасы."
Суреттер жиынтығы - балалар саны бойынша фишкалар: айран, қаймақ,
май, сүзбе, ірімшік; шұжық, сосискалар, қазы, кәуап, котлеттер;
ұн өнімдері-нан,шелпек, тоқаш, бауырсақ, құймақ.
Балалар саны бойынша зияткерлік картаның бастапқы схемалары.
"Амандасайық" жаттығуы.
"Көркем сөз. "Көктем келді көрікті" өлеңін мәнерлеп оқу.
"Қара жорға" биі."Наурыз" ұғымының жалпы суретіне негізделген тақырыптық суреттермен сөздік жұмыс.
"Наурыз көже" санамағын мәнерлеп оқу.
Жиі қайталанатын сөздер мен суреттер топтамасы негізінде "Наурыз көже" санауышын жаттау бойынша сөздік-ырғақтық жаттығу.
"Өнімдер" интеллектуалды картасын жеке-жеке құрастыру негізінде заттарды жіктеу бойынша ауызша жаттығу.
Сүйінші дәстүрімен танысуға негізделген ауызша жаттығу "Ізгі хабар үшін берілетін сыйлық".
Сурет - сүйіншіге арналған сыйлықты бейнелейтін тақырыптық суреттер бойынша жаттығу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет