Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі
|
Балаларды "Т-Д" дыбыстарымен, "Т т-Д д" әріптерімен таныстыру. "Т-Д" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "Т-Д" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп, ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "Т-Д" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "Т-Д" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады. Жабайы жануарлардың мекені, қоректенуі туралы түсініктерін меңгерту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Т", "Д", "жабайы табиғат әлемі", "сандық", "тасбақа", "түйе", "кітап" сөздерін пайдалану.
Интерактивті тақта, таяқша, Т-Д дыбыстарының баспа түрі және жазба түрлері, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер, магнитті тақта, үлестірме материалдар.
Шаттық шеңбері: "Өсемiз бiз күлiп-ойнап".
Т-Д дыбыстарының сипаттамасы, артикуляциясы.
Жұмбақтар. Жауап сөзіңің құрылымында дыбыстарды табу.
Т, Д дыбыстары бар сөздерді табу жаттығуы.
Қандай жануардың шығаратын үніне ұқсайтынын тауып айт) ойыны (фонеманы есту қабілеті).
Т, Д дыбысынан басталатын сөздерді табу жаттығуы.
Т – Д дыбыстарына байланысты өлең шумақтарын айтқызу.
"Дыбысты естісең - жалауды көтер".
Дыбыстық талдау: "Тас", "Дос".
"Сөзді өзгерт" дидактикалық ойыны.
Сөйлем құрау жаттығуы.
"Тыңда, қайтала..." тіл ұстарту жаттығулары
Жазылым жаттығуы.
Рефлексия: "Шегіртке мен жабайы аңдар" ертегісі.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
9.15 – 10.30
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |