Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет122/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі



Балаларда "достық" ұғымын қалыптастыру; достық ұғымын құрайтын жақсы іс-әрекеттер туралы идеяларды нақтылау; "достық" жайлы ертегі негізінде "бірге қорқынышты емес" көркем мәтінімен таныстыру; Қазақстандағы халықтар достығы туралы ұғымды дамытуды жалғастыру; "Достық" ертегісіндегі оқиғаны мұқият тыңдауға үйрету; сюжетті есте сақтауға, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің мағынасын түсінуге үйрету; стандартты емес жағдайларда достар айтқан негізгі сөз тіркестерін айтуға үйрету; жақсы әрекеттерді жаманнан ажыратуға үйрету; достық туралы өлеңнен сөз тіркестерін айтуға үйрету; есте сақтау, ойлау, қарым-қатынас дағдыларын дамыту;мейірімділікке, жауаптылыққа, достыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорға "көк құс", "көкжал", "қорқынышты емес", "қорықпа" сияқты
сөздерді енгізу; "қайғымен бөлісу", "қуанышпен бөлісу", "адал достық"
тіркестерін енгізу; "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын" мақалының
мағынасын ашу.
Достық атмосферасын жеткізетін әуеннің аудиожазбасы.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, көрсеткіш,
интерактивті тақта.
Сурет: достарымен, көңілді сәт.
"Достық" ертегісінің сюжеттік желісі негізіндегі демонстрациялық суреттер.
"Достық" тақырыбын негізге алып, достықты ашатын сөздер тізбегін жасайтын схема құру, диаграмма сызу.
Жүз теңгең болғанга, жүз досың болсын» мақалының негізінде сурет:
Сол жақта ақшаның суреті, оң жағында бір баланы қоршаған көп
балалардың бейнесі беріледі.

Суреттер: "достық" ұғымын бейнелейтін сызбаға арналған сөздер және


іс-әрекеттер.
"Достық" тақырыбындағы сөздерден басқа, осы тұжырымдамаға сәйкес келмейтін сөздер беріледі: күресу; ренжіту; жанжал; алдау; қызғаныш.
"Амандасу" жаттығуы.
М.Мақатаевтің "Дос болам десең..." өлеңін мәнерлеп оқу.
Халық аузындағы "Достық" ертегісін оқу.
"Досым, саған сенемін" артикуляциялық-ырғақты жаттығуы.
Мәтіннен мысал келтіруге негізделген тыңдалым және айтылым жаттығулары. М. Мақатаев "Дос болам десең..."
"Достық" ұғымын интеллектуалды карта арқылы модельдеу жаттығуы ("Достық" сызба картасын толтыру).
Суреттерге негізделген есте сақтауға арналған ауызша жаттығу. "Есте сақтайық": "Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет