Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі
|
Ю дыбысы мен әрпін таныту; оның қосарланған дыбыс екенін ұғындыру; "Ю" дыбысының айтылуын дұрыс меңгерту, Ю дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге үйрету, "достық", "ынтымақ" сөздерінің маңызын түсіну, өлең шумағын жаттай білуге үйрету, өлең сөздерін эмоциялы түрде жатқа айтуға дағдыландыру. Бірлікке татулыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Бір шаңырақ астында", "қорбаңдайды аю", "балпаң-балпаң" сөздерін пайдалану.
Ю дыбысының профилі, бейнелі суреттер, айна, үлестірмелі материалдар т.б. «Ю» дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығулар, түрлі суреттер, тапсырмалар, әріптердің кесіндісі, айна, түрлі-түсті қағаздар, әліппе дәптер т.б. постер, кеспе парақшалар, суретті парақшалар.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Артикуляциялық гимнастика.
Жұмбақ шешу.
Тіл ұстарту жаттығулары.
Дидактикалық ойын. "Қарағайлы ормандағы аю".
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі
|
Балалардың әскери қызмет туралы, "Отан қорғаушылар күні" мерекесі туралы жалпы түсініктерін дамыту; "Отан", "Туған жер" түсініктерін дамыту; осы сөздер мен "қорғау" және "қадірлеу", "әскери" және ""қызмет ету", "ақылды" және "тапқыр" сөздерінің мағынасын ашу; халық аузындағы "Үш батыр" ертегісінің мазмұнымен таныстыру; әскери шеруге қатысты "алға", "артқа", "оңға", "солға", ұғымдарын нақтылау; Отанды қорғау қажеттілігі туралы ұғым қалыптастыру; шеруде қозғалу қабілетін дамыту, ырғақты саптық әнді айту; ертегідегі оқиғалар тізбегін есте сақтауға үйрету; балалардың бойында ойлау, коммуникативтік қасиеттерін дамыту; балаларды Отан сүйгіштікке, ұйымдастырушылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "Отан қорғаушылар күні", "Отан", "қызмет ету", "тапқыр", "сақтау" сияқты сөздер мен сөз тіркестерін енгізу; "соғыс - әскери - соғысу", "қызмет - қызметкер - қызмет ету", "қорғаныс - қорғау", "қауіпсіздік - қорғау", "Отан – туған жер" сөздерінің көмегімен сөйлеуді жандандыру, сөздік қорды толықтыру."
Марш ырғақтарының аудиожазбалары.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, көрсеткіш, интерактивті тақта.
Жауынгерлердің әскери шеруінің бейнесі.
Қылыш, қалқан бейнеленген суреттер.
"Үш батыр" ертегісінің сюжеті бойынша демонстрациялық суреттер.
Сапта тұрып әкери шеру жаттығуын орындау үшін сарбаз бас киімдері.
Таратпа суреттер: әскери адамдар, батырлардың бейнесі, батыр мен
дәудің шайқасы, батыр мен сұлу қыз.
"Амандасайық" жаттығуы.
Сөздік қорды байыту мақсатында біртүбірлес сөздерді үйренуге арналған
жаттығу.
Халық аузындағы "Үш батыр" ертегісін мәнерлеп айту.
Педагог балаларға ертегі желісін түсіндіру мақсатында арнайы суреттермен жұмыс.
"Мені тыңда!" тыңдалым және қайталауға бағытталған жаттығуы.
Артикуляциялық-ырғақты жаттығу. Б. Бұлқышев "Жауынгер" өлеңін айту.
Суреттерге негізделген есте сақтауға арналған ауызша жаттығу: "Отан үшін отқа түс, күймейсің".
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |