Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет21/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Балалардың үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту, үй жануарларының төлдерінің атауларымен таныстыру; "қатты - ақырын" қимыл-әрекетінің белгілері жайлы түсініктерін қалыптастыру; жыл мезгілдері туралы білімдерін пысықтау.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздіктеріне "жылқы", "бұзау", "торай", "қозы", "лақ" сөздерін енгізу; "кісінейді", "мөңірейді", "маңырайды", "қорсылдайды", "адамның жанында өмір сүреді", "сүт береді", "жүн береді" сөз бен сөз тіркестері арқылы сөздік қорларын арттыру.
Үй жануарлары туралы бейнеролик.
Үй жануарларының демонстрациялық заттық суреттері: сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі.
Үй жануарларының төлдерірінің демонстрациялық заттық суреттері: бұзау, құлын, торай, қозы, лақ.
Демонстрациялық суреттер:
- сиыр, қаз, жылқы, шошқа, қой, тиін, лақ;
- сиыр, жылқы, шошқа, қой, лақ.
Белгілі ретпен бейнеленген демонстрациялық көрнекіліктер:
- бір сызық бойымен үй жануарлары - сиыр, жылқы, қой, шошқа, ешкі;
- бір сызық бойымен үй жануарларының төлдері - бұзау, құлын, қозы, торай, лақ.
Үй жануарлары мен төлдері жұптарының демонстрациялық бейнелері.
Сөйлем құрастыруға суретті-нұсқалары.
Үй жануарларының төлдерінің тақия-маскаларының таратпалы жиынтықтары: құлын, лақ, бұзау, торай, қозы.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Көркем сөзді мәнерлеп оқу. "Қозы бар, құлын бар" (Қ.Мырзалиев)
Көру мен есту зейінділігіне арналған сөздік жаттығу. "Үй жануарларын ата, есіне сақта".
Сахналау негізінде логоырғақ "Төлдер".
Фонемо-түзетушілік жаттығу. "Ақырын - қатты".
Сөйлем модельдеу бойынша тізбекті суреттер тірегі негізінде сөздік жаттығу: "Не береді?".

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту, "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісінің мазмұнымен таныстыру; үй жануарларының балаларының атауларын бекіту; үй жануарларының дыбыс шығару және қозғалу ерекшеліктерін еске түсіру; үй жануарларының пайдасы туралы түсініктерін дамыту; көрнекі сызбаларға сүйенбестен ертегінің мазмұны бойынша диалогке қатысуды, мұқият болуды, қарапайым түсіндірме сөйлемдер құруды үйрету; ертегілердегі жануарлардың мінез-құлқын адамдардың мінез-құлқымен салыстыруға, қарапайым қорытынды жасауға дағдыландыру; балаларды үй жануарларына қамқор болуға, ертегілерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "тұяқ", "темір ұстасы", "үй жануарлары пайдалы", "қамқорлық қажет" сияқты сөз тіркестерін енгізу; үй жануарларының дыбыстарын бейнелейтін сөздермен сөздік қорларын байыту.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау таяғы, интерактивті тақта.
Үй жануарларының көрнекі суреттері: сиыр, жылқы, қой, ешкі, түйе.
Демонстрациялық суреттер: үй жануарларының төлдері: бұзау, құлын, қозы, бота, лақ.
Демонстрациялық суреттер: "Жеті лақ".
Үй жануарларының дауыстары бар аудио жазбалар.
Көңілді ырғақты әуеннің аудио жазбалары.
Сөйлем құрастыруға арналған суреттер-схемалар: "Сиыр сүт береді"; "Ешкі жүн, сүт береді"; "Қой жүн, ет береді"; "Жылқы қымыз, ет береді"; "Түйе жүк тасиды"; "Жылқы адамдарды алып жүреді".

Балалар саны бойынша төлдердің маскаларының үлестірмелі жиынтықтары,


сондай-ақ үй жануарларының төрт маскасы.
"Амандасайық" жаттығуы
"Көркем сөз. Үй жануарлары туралы жұмбақтар.
"Жануардың дыбысын тап" ойыны.
Сәйкестендіру және жіктеу бойынша ауызша-логикалық жаттығу. "Кімде не бар?"
Суреттер негізінде ертегіні баяндалуы."Қасқыр мен жеті лақ".
Диалог негізінде ертегінің мазмұнын әңгімелеуге арналған ауызша жаттығу. "Мұқият болу маңызды".
Мәтіннен сөздердің артикуляциясы мен айтылуына негізделген ауызша-ырғақты жаттығу. "Ешкінің әні".
Суреттердің тірек тізбектері негізінде сөйлем құрастыруға арналған ауызша жаттығу. "Кім не береді?".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет