Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі
|
Балаларды "К-Г" дыбыстарымен, "К к-Г г" әріптерімен таныстыру. "К-Г" әріпін ауа арқылы жазып көрсету. "К-Г" дыбыстарының нақты артикуляциялық қалпын қалыптастыру, естіп,ажыратуға үйрету, буындарда, сөздерде дұрыс айтуға дағдыландыру. "К-Г" дыбыстарының сөздің кез келген жерінен (сөз басында, ортасында, аяғында) тауып көрсете білуге үйрету. "К-Г" дыбыстары кездесетін сөйлем ойлатып, сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрату арқылы, сөздік қорларын толықтыру, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу, байланыстыра сөйлеуге тәрбиелеу. Төзімділікке, ұқыпты, әдемі, таза жазуға дағдыланады.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"К", "Г", "жомарт күз", "карта", "кілт", "көбелек", "гүл", "глобус", "гитара", "кесе", "кәмпит", "кебеже", "күріш" сөздерін пайдалану.
Интерактивті тақта, таяқша, К-Г дыбыстарының баспа түрі және жазба түрлері, өтілетін тақырыпқа байланысты суреттер, магнитті тақта, үлестірме материалдар.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Кіріспе сөздің жаттығуы: "Мынау не?"
Жаңылтпаш айту: "Кербез керік кері кетті".
К және Г дыбыстарының артикуляциясы.
"К, Г дыбыстарының сөздегі орны" жаттығуы (басында, ортасында).
Сергіту сәті: "Ақ көгершін, көгершін..."
Тіл ұстарту жаттығулары: К және Г дыбыстары.
Саусақ жаттығуы "Жасыру".
"Моншақтармен ойын".
Сөздерді буындаға бөлу жаттығуы.
Есте сақтау жаттығуы: Г дыбысы сөздердің соңында кездеспейді.
|
Ұйымдастырылған іс-әрекеттер
9.15 – 10.30
|
«Айгөлек» мектепалды топ
Тақырыбы:"Үй жануарлары және төлдері. "Жеті лақ" ертегісін әңгімелеу".
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |