Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы 4-апта, Қыркүйек айы, 2023 – 2024 оқу жылы
Ұйымдастырылған әс-ірекет мазмұнына байланысты көрнекіліктер мен құралдарды дайындау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет Ортаңғы топ.
Қазақ тілін тыңдап,түсінуге, қабылдай алуға үйрету. Балаларды өздеріне таныс ертегіні айтып беруге ынталандыру. Жұрнақтар мен жалғауларды дұрыс қолдануға үйрету, жануарларды атау және төлдерінің аттарын есте сақтауға, қарама-қарсы мағыналы сөздерді (үлкен-кіші) ажырата білу дағдыларын қалыптастыру; жануарлар мен олардың төлдері қалай дыбыстайтыны туралы білімдерін бекіту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорына келесі сөздер мен сөз тіркестерін енгізу, "қозы - қошақан", "бота - ботақан", "лақ - шұнақ құлақ", "бұзау - бұзауқан", "құлын - құлыншақ".
Ширма, ит бейнесі; «Тышқан, ит және мысық» үстел театры, жануарлар мен олардың төлдері, үйі, жануарлар моделі бейнеленген иллюстрациялар.
"Кел, сәлемдесейік!" жаттығуы.
Жұмбақ жасыру. Сурет бойынша сұрақ-жауап.
"Тышқан, ит және мысық" ертегісі.
"Енесін тап" дидактикалық ойыны.
"Не қалай жүреді?"сергіту сәті.
"Не артық?" дидактикалық ойыны.
"Байқампаз бол!" дыбыстық ойыны.
"Төлдерді тамақтандыр" тыныс алу жаттығуы.
Кейіпкермен қоштасу.
"Көк шалғында демалдық" рефлексиясы.