Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет58/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі

Х дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, сауат ашу және жазу дәптеріне Х х әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Х дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын, ауаны дұрыс бағыттуын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге тәрбиелеу, сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету, жаңылтпаш, жұмбақтар шешу арқылы тіл байлықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Қыс", "қыс қызығы", "шеберхана", "кітапхана", "емхана", "дәріхана", "ұстахана", "шайхана", "аурухана", "асхана" сөздерін пайдалану.
Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар, бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар, Әліппе, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Артикуляциялық гимнастика
"Доптар ұшады", "Сағат" - тыныс жаттығулары.
Х дыбысын айту, сипаттама беру, артикуляциясы."Дәмді тосап" гимнастикасы.
Х дыбысының қатысуымен тақпақтарды мәнерлеп оқу.
Фонеманы есту қабілетіне ойын-жаттығулар: "Кім шапшаң?", "Кім тапқыр?" ойындары.
Сөздерді шапалақтардың көмегімен буындарға бөл" ойыны (Хор, қол, халат, салат, хат, зат, саяхат, парасат, хабар, сабыр, шахмат, хоккей).
Жаңылтпаштар.
Тіл ұстарту жаттығулары.
"Сөз ойла, тез ойла" ойыны (Х дыбысына сөздер ойлау).
Дыбыстық талдау: "Хат", "Шахмат".
Көркем сөз. Ш.Ахметов. "Аяз қысып, өрнек сызып" .
Есте сақтау жаттығуы: шеберхана, кітапхана, емхана, дәріхана, ұстахана, шайхана, аурухана, асхана. Х дыбысы - қатаң дауыссыз дыбыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет