Балалардың қардың қасиеттері туралы түсініктерін кеңейту; заттардың қасиетің білдіретін "суық- ыстық", "жұмсақ - қатты" ұғымдарын бекіту; қар және олардың ерекшеліктері жайлы тақпақтарды түсініп, дұрыс айтуды үйрету; қардың калпын айқындайтын сын есімді сөздерді дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздіктеріне "қонақтайды", "тегістейді", "жасырыпты", "қатты", "жұмсақ", "суық", "ыстық" сөздерін еңгізу; "шатырда қар", "жерде қар", "көшеде қар", "аулада қар", "ағаштарда қар", "орындықта қар", "машинада қар", "қақпада қар", "қар ериді" сөз тіркестері арқылы сөйлеу тілдерін молайту.
Қар үстінде жүрген дыбыстың аудиотаспасы.
Қалада жауған қардың бейнеролигі.
Тақпақ мазмұны бойынша суретті-сызбалар.
Қар туралы сөз тіркестерін құрауға арналған жаттығу үшін мнемокарточкалар:
* қарсыз нысандар: шатыр; жер; көше (жаяу жүргінші жолы, жол қиылысы); аула (балалар алаңқайы); ағаштар (біреу, алшақтау жерде екеу); орындық; машиналар; қақпа; саябақ.
* қарлы нысандар: шатырда; жерде; көшеде; аулада; ағаштарда; орындықта; машинада; қар қапада.
Сергіту сәтіне арналған көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
Бақылау жүргізу үшін заттар немесе заттардың суреттері:
- шыны ыдыстағы қар;
- қары бар ыдысты ұстаған алақан;
- қары бар ыдысқа салынған қасық, қуыс болып қалады;
- алақандағы қар-шар;
- саусақ қар-шарға тиіп тұр;
- шүмегінен бу шығып тұрған шәйнек;
- қар салуға ыдыс, қасық, сүлгі.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Суретті сызба бойынша есту зейінділігіне негізделген сөздік жұмыс.
Көркем сөз. "Суретші қыс". (К. Нүсіпжан)
Мнемокарточка бойынша сөз тіркесін құрауға негізделген сөзді ойын-жаттығуы. "Қар қайда?".
Сергіту сәті. «Қар» (Т. Шопашов)
Қарама-қарсы мағыналы сөздер жұбын құрау негізінде сөздік-тәжірибелік жаттығу. "Биік - аласа. Тар - кең".
Мәнерлеп оқуға сөздік жаттығу. "Суретші қыс".