Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет71/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі



Балалардың қыстайтын құстар туралы түсініктерін, оларға қамқорлық жасау тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту; қыстайтын құстар шығаратын дыбыстардың ерекшеліктері туралы түсіндіру; "қыс" сөзімен түбірлес "қыстау - қыстайтын" сөздері туралы білімдерін бекіту; шыдамдылық сезімі, жақсы мінез-құлық ережелері туралы түсінік қалыптастыру;өлең-дәйексөздердің мысалдарын қолдана отырып, өлеңнің мазмұны бойынша диалог құруды үйрету; есте сақтау, ойлау, қарым-қатынас дағдыларын дамыту;қыстайтын құстарға ұқыпты қарауға, шыдамдылыққа, мейірімділікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "суықторғай", "торғай", "шымшық", "қарға", "сауысқан", "тоқылдақ", "үкі", "қызыл кеуде" сөздерін енгізу; "Еңбексіз тіршілік жоқ" мақалының көмегімен сөздік қорларын дамыту.
Қоректендіргіште қыстайтын құстардың дыбыстарының дыбыстық жазбалары,
торғайдың дауысы.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, көрсеткіш, интерактивті тақта.
Көрнекі тақырыптық қыстайтын құстардың суреттері: торғай, шымшық, қарға, сауысқан, тоқылдақ, үкі, суықторғай.
Салыстыруға арналған демонстрациялық сурет: шымшық, қарға,суықторғай.
Қыстайтын құстардың демонстрациялық суреттері.
"Қарлығаш пен шөже торғай" ертегісінің сюжеті бойынша демонстрациялық суреттер.
Қыстайтын құстардың дыбыстарының дыбыстық жазбасы: торғай, шымшық, қарға, сауысқан, тоқылдақ.
Демонстрациялық сурет: қоректендіргіштегі құстар.
"Амандасайық" жаттығуы.
Көркем сөз. "Қыстайтын құстар" өлеңін мәнерлеп оқу.
Суреттерге негізделген сөздік жұмыс. "Қысқы құстар".
Бірдей құстарды салыстыру, бейнені визуализациялау, аудио тыңдау негізінде "суықторғай" ұғымын қалыптастыруға арналған ауызша жаттығу.
"Қарлығаш пен торғай" ертегісін мәнерлеп оқу.
Диалог негізінде "Қарлығаш пен торғай" ертегісінің мазмұнын құрастыруға арналған ауызша жаттығу.
"Құстар қалай дыбыстайды?" артикуляциялық жаттығу.
Еліктеуіш сөздерге негізделген әрекеттерді атауға арналған ауызша жаттығу. "Кім қалай дыбыстайды?".





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет