Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі
|
Ц дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, сауат ашу және жазу дәптеріне Ц ц әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Ц дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын, ауаны дұрыс бағыттуын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге тәрбиелеу, сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету, жаңылтпаш, жұмбақтар шешу арқылы тіл байлықтарын арттыру, қоршаған ортаға, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған әлеммен және табиғатпен үйлесімдік туралы ұғындыру, қоршаған ортаға қамқорлық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту табиғатты аялауға, қамқор болуға баулу.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Ц", "Жер шары", "Тірі табиғат", "Өлі табиғат", "Цирк" сөздерін пайдалану.
Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар, бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар, Әліппе, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер, үнтаспа, табиғат көрінісі, сурет.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Ц дыбысының артикуляциясы.
Тілге арналған жаттығулар.
«Тауып көр» ойыны.
Жұмбақ шешу.
Саусақ жатығуы.
"Тыңдаймын, жаттаймын".
Тіл ұстарту жаттығулары.
Жоғалған әріпті тап (ойыны): (Ц, С).
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Сәрсенбі
|
Балалардың мамандықтар туралы түсініктерін кеңейту; "Қызықты мамандықтар" әңгімесінің мазмұнымен таныстыру; өрт сөндіруші, жол полицейі, сатушы сияқты мамандықтар туралы білімдерін толықтыру; мамандықтардағы іс-әрекеттердің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту; мамандықтағы сыпайылық ережелері туралы, мамандықтағы мотивацияның мәні туралы түсініктерін дамыту; мамандық түрлерін атауға,ажырата білуге дағдыландыру; мәтіннің мәнін ашатын негізгі тірек сөздерді таңдап, әңгіме мазмұны бойынша блиц-сауалнамаларға қатыстыру; жұптардағы диалогтардағы қарым-қатынасты жаттықтыру; есте сақтау, ойлауды дамыту; әр түрлі мамандық өкілдеріне құрметпен қарауға, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке "өрт сөндіруші", "жол полициясы", "сатушы", "қызықты", "ұнайды",
"мамандық адамы", "клиент" сөздерін енгізу; "Егер адам құрыслыста
жұмыс жасаса, ол - құрылысшы. Егер адам сурет салса, онда ол -суретші.
Егер адам шаш қиса, онда ол -шаштараз. Егер адам өрт сөндірсе,
онда ол - өрт сөндіруші. Егер адам балаларды оқытса, онда ол - мұғалім.
Егер адам тігін тіксе, онда ол - тігінші. Егер адам сауда сатса, онда ол -
сатушы. Егер адам көлік жүргізсе, онда ол - жүргізуші. Егер адам жол
қозғалысын реттесе, онда ол - жол полициясы. Егер адам емдесе, онда
ол - дәрігер." сөйлемдері арқылы сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау таяғы,
интерактивті тақта.
Демонстрациялық сурет "мамандықтар".
Мамандықтардың демонстрациялық суреттері: дәрігер, мұғалім, суретші,
құрылысшы, мұғалім, шаштараз, аспаз, өрт сөндіруші, полиция қызметкері.
Ауызша-ырғақты музыкалық жаттығуға арналған ырғақты көңілді әуеннің
аудиожазбасы.
"Мамандық" ұғымын модельдеу жаттығуларына арналған
суреттер сызбасы.
"Дәрігер", "аспаз", "шаштараз", "мұғалім" карталары, сондай-ақ олардың
маскалары мен атрибуттары.
Үлестірмелер:
- маска-дәрігер, танометр, дәрумендер құтысы;
- маска-шаштараз, ойыншық қайшы, тарақ:
- маска-аспаз, ойыншық пышақ, тақтай,көкөніс муляждары, тостаған.
- маска-мұғалім - карточкалар - әріптер."
Тосын сәт.
Көркем сөз. Жұмбақ. "Мамандықтар".
Суреттерге негізделген сөздік жұмысы. "Мамандықтар".
Әңгімені мәнерлеп оқу. "Қызықты мамандықтар".
Блиц-сауалнама негізінде "Қызықты мамандықтар" әңгімесі бойынша тұжырым қалыптастыруға арналған ауызша жаттығу.
Поэтикалық диалогтарды жаттауға негізделген ауызша-ырғақты музыкалық жаттығу. "Сәлеметсіз бе! Сәлеметсіз бе!"
Диалогке негізделген атрибуттары бар ауызша және рөлдік жаттығулар. "Мамандық иесі және клиент".
Диалог үшін бос уақыт.
Суреттер мен түсіндірме сөйлемдерді құру негізінде "мамандық" ұғымын бекіту үшін ауызша-логикалық жаттығу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |