Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет75/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі



Жиһаз түрлері мен қолданысы, адам өміріндегі орны туралы түсініктерін нақтылау; "жайлылық" сөзінің мағынасын түсіндіру; әңгімені зейін қойып тыңдауды, мәтіннен таныс сөздерді тауып айтуды үйрету айналасындағы заттарға деген қызығушылықтарын арттыру; көру мен тәжірибені қортындылау арқылы заттарды сәйкестендіру мен жіктеу барысында (киімдер мен ыдыстар) логикалық шешім табуға үйрету.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "киім шкафы", "ас үй шкафы", "жайлылық" сөз тіркестерін еңгізу; үстел", "орындық", "диван", "төсек", "жиһаз", "үстелде тамақ ішеді", "орындықта отырады", "диванда демалады", "киім шкафына киім жинайды", "ас үй шкафына ыдыстарды қояды", "төсекте ұйықтайды" сөздері мен сөз тіркестері арқылы сөздіктерін арттыру.
Демонстрациялық сурет: Еркежан әже.
Демонстрациялық сурет "Жиһаз".
Демонстрациялық заттық суреттер людей профессий: үстел, орындық, диван, кресло, киім шкафы, ас үй шкафы, төсек.
Жайлылық түсінігін бейнелейтін сурет.
Демонстрациялық суреттер: есіктері ашық шкафтардың (ас үй, киім) сұлбасы.
Сурет-сызбалар: киімге және ыдысқа толып тұрған шкафтар.
Баяу ырғақты әуеннің аудиотаспасы.
Аквариумдағы балық.
Аквариумдағы балықтың суреті немесе видеосы.

Балалар санына сәйкес заттық суретті-карточкалар: киім түрлері, ыдыстар түрі.


"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Суреттер негізінде сөздік жұмыс. "Жиһаз".
Әңгімені мәнерлеп айту "Үйде не бар?".
Сюжетных суреттер бойынша әңгімелесу.
Заттарды жіктеу бойынша дамытушылық сөзді-ойынды жаттығу. "Ретке келтір".
Нысанды бақылау. "Балық қалай жүзеді".
Қимылды жаттығу "Балық қалай жүзеді".

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

Балаларды "Ақылды егінші" ертегісінің мазмұнымен таныстыру; ертегіде кездесетін сөздердің мағынасын түсіну, ертегі желісі бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту; қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту; адам еңбегіне деген құрметпен қарау ұғымын қалыптастыру; балаларды ертегіні қазақ тілінде мұқият тыңдауға, тірек сөздерді дұрыс айтуға үйрету; сондай-ақ жиі қайталанатын сөздерді есте сақтау қабілетін дамыту; балаларды еңбексүйгіштікке, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздікке қоршаған орта, егін, егінші, егістік сөздерін енгізу,
"Диқан адам дән шашар, ел-жұртына нан шашар" мақалы
арқылы сөздік қорларын дамыту.
Көрнекіліктерге арналған демонстрациялық тақталар, нұсқау таяғы, интерактивті тақта.
Ритмикалық жаттығуларға арналған орташа және жылдам ырғақты дыбыстық жазбалар.
"Ақылды егінші" ертегісінің мазмұнына негізделген суреттер.
"Амандасайық" жаттығуы.
Көркем сөз. А. Байтұрсынұлының "Егіннің бастары" өлеңінен үзінді оқу.
Мнемокарталарға негізделген ертегі мазмұнына бойынша сөздік жұмыс.
Ертегіні мәнерлеп оқу. "Ақылды егінші" ертегісін мәнерлеп айту.
Ертегі мазмұны негізіндегі ауызша жаттығу.
"Егін егеміз" сергіту сәті.
Жұмбақтарды шешуге арналған ауызша жаттығу.
Есте сақтауға арналған ауызша жаттығу: "Диқан адам дән шашар, ел-жұртына нан шашар".



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет