Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі
|
Балалардың адамның дене мүшелері туралы түсініктерін дамыту;салауатты өмір салты, жаттығудың маңызы жайлы, түсініктерін қалыптастыру; дәрумендердің пайдасы, "сол", "оң" жақ туралы түсініктерін бекіту; сызбадағы дене мүшелерінің бейнеленуін өз денесімен сәйкестендіре білуге үйрету; дене мүшелерін атауды үйрету; артикуляциялық аппараттарын, оң және сол қолдарын ажырату біліктіліктерін, жағымды эмоция білдіре білуді дамыту.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "дене мүшелері", "спортшы", "дене", "бас", "сол", "оң" сөздерін еңгізу; "бас", "қол", "аяқ", "дене", "мықты", "көкөністер", "жемістер", "дәрумендер" сөздері арқылы сөздік қорларын молайту.
Демонстрациялық сурет: Аланның спорттық киімдегі бейнесі.
Сурет-сызба: адам денесінің құрылысы.
Тақпақты айтып отырып, дене шынықтыру жаттығуларын орындауға арналған түрлі қарқындағы аудиотаспалар.
Заттық суретті-карточкалар: жемістер мен көкөністер.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Ырғақты жаттығу. "Кім спортшы?"
"Дене" сызба-суреттер негізінде "дене мүшелері" түсінігін модельдеу жаттығуы.
Ым-ишара мен жарыс элементтері негізінде тақпақ жаттауға арналған жаттығу. "Нағыз спортшылар".
Аталынған жақпен әрекетті сәйкестендіруге арналған сөздік жаттығу. "Сол - оң".
Тапқырлық пен ойлауға арналған жаттығу. "Ойлан, тап".
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі
|
Л дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, сауат ашу және жазу дәптеріне Л л әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Л дыбысын буында, сөзде, сөйлем ішінде дұрыс, анық айтуға үйрету, артикуляциялық жаттығуларды дұрыс, толық орындауын, ауаны дұрыс бағыттуын қалыптастыру, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын дамыту, ұқыптылыққа, өз бетінше жұмыс жасауына, өз сөйлеу тілін қадағалай білуге тәрбиелеу, сауатты, әдемі, көркем жазуға үйрету, жаңылтпаш, жұмбақтар шешу арқылы тіл байлықтарын арттыру, тұрмыстық техника, оның қолданылуы туралы білімдерін жетілдіру. Олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Қауіпсіздік ережесі туралы алған білімдерін дамыту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Диван", "шаңсорғыш", "теледидар", "кілем", "тұрмыстық техникалар", "үтік", "лақ" сөздерін пайдалану.
Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар, бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар, Әліппе, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер, үнтаспа,табиғат көрінісі, сурет, үй жабдықтарының ойыншық түрлері.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Л дыбысының артикуляциясы.
Л дыбысына артикуляциялық жаттығулар.
«Айтқанға көнбеген тілді жазалау».
«Тәтті тосап».
«Әткеншек».
«Тілдің ұшымен тарсылдау».
«Кеме».
Жұмбақ шешу.
Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Тіл ұстарту жаттығулары.
Дыбыстық жаттығулар.
"Көңілді тіл" туралы ертегі.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |