Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы 3 апта, Ақпан айы, 2022 – 2023 оқу жылы
Күн тәртібі
Дүйсенбі 13.02
Сейсенбі 14.02
Сәрсенбі 15.02
Бейсенбі 16.02
Жұма 17.02
Ұйымдастырылған әс-әрекетіне дайындық 9.00 – 9.15
Ұйымдастырылған әс-ірекет мазмұнына байланысты көрнекіліктер мен құралдарды дайындау.
Ұйымдастырылған іс-әрекет Ортаңғы топ Бейсенбі
Қазақ тілінде көктемге тән белгілермен таныстыруды жалғастыру (қар ериді, ағын сулар ағады, құстар ұшып келеді, күн жиі жарқырайды). Балалардың құстар туралы, олардың көктемдегі тіршілігі туралы білімдерін бекіту (олар ұя салады, балапан басып шығарады). Сыртқы түрінің ерекшеліктері туралы білімдерін кеңейту (қауырсын, қанаттар, құйрық, екі аяқ, тұмсық, құстарға тән қимыл-әрекеттер).
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздік қорына «ұя», «қарлығаш», «ұзақ», «қараторғай» сияқты сөздерді енгізу. Сөздік қорын келесі сөздер мен сөз тіркестері арқылы: «құстар қайтты», «жыл құстары», «ұя салады» белсендіру.
Сурет: суретте көктемгі табиғат аясында, ағаштардың бұтағында отырған ұзақ құсы, аспанда қалықтап жүрген қос қарлығаш, балалар жасаған үйшіктің төбесіне қонып тұрған қараторғайдың суреті. Құстардың дыбысы жазылған аудиожазба. Фланелеграф, жыл құстары мен құстап қалатын құстардың бейнелері. "Қай құс ұшып кетті?" дидактикалық ойынына арналған құстардың суреттері.
Әр балаға «Жыл құстарын ажырат» дидактикалық ойынына арналған парақтар (А4 форматтағы қағаздың бетінде жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың суреттері). "Ұяларыңа қоныңдар!" қимыл-қозғалыс ойынына арналған аспалы бейдждердің ішіндегі құстардың суреттері.
"Кел, сәлемдесейік!" жаттығуы
Шаттық шеңбері: "Қоршаған өмір әлемі".Құстар туралы суреттермен танысу арқылы сөздік жұмысы
"Жыл құстарын ажырат" дидактикалық ойыны.
"Қай құс ұшып кетті?" дидактикалық ойыны.
Сергіту сәті. "Ұяларыңа қоныңдар!" қимыл-қозғалыс ойыны.
Артикуляциялық жаттығу.
Көктемде ұшып келген құстардың тыныс-тіршілігі туралы бейнеролик көрсету.
Ойын рефлексиясы. "Балапандарды ұясына жапсырамыз"