«Наурыз мейрамы» тақырыбына байланысты қазақ тіліндегі сөйлеуді тыңдауға және түсінуге, Наурыз тойының нышандарын білдіретін барлық сөздерді қолдануға, атауға, зат есім мен етістіктен тұратын сөз тіркестерін таңдай білуге үйрету.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөздік қорына келесі сөздерді енгізу: "ауыл", "Наурыз мейрамы", "Наурыз көже". Келесі сөз тіркестерін қолдана отырып"мерекені тойлау", "көже пісіру", "ұлттық ойындар ойнау", "тілек, бата айту" сөздік қорларын белсендіру.
Ойыншық ат, Зере әженің суреті, ауылдың әдемі суреті,аудиожазбалар: "Тұлпарым" әні, "Қаражорға" әні, "Тақия тастамақ" ойынына арналған тақия, текеметтің суреті.
Әр балаға арналған қызыл және сары түсті гүлдер.
"Кел, сәлемдесейік!" жаттығуы
Шаттық шеңбері. "Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап: Сәлем!"
Наурыз мерекесі жайында әңгімелесу диалог).
"Тұлпарым" әнінің қайырмасын айту.Тағамдар жайында жұмбақтар жасыру.
Көркем сөз. "Тілек" (Д. Ақбиев) сөзін мәнерлеп оқу.
Жаңылтпаш айту. "Су ішпей, ет жедім".
Сергіту сәті. Қазақ халқының ұлттық биі "Қаражорға" биін билету.
"Тақия тастамақ" қазақ халқының ұлттық ойыны.
"Не қалай дыбыстайды?" (Артикуляциялық жаттығу)
Кейіпкермен қоштасу.
"Текемет" ойын рефлексиясы.