Қазақ тілі ұйымдастырылған іс-әрекеті бойынша тәрбиелеу мен оқытуды жоспарлау қызметіне арналған циклограммасы



бет90/127
Дата27.11.2023
өлшемі249,87 Kb.
#129353
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127
Байланысты:
циклограмма -қазақ тілі

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Ересек топ
Сәрсенбі

Балалардың көктем мезгілі, 8 наурыз-әйелдер мерекесі жайлы түсініктерін дамыту; қазақша көктем жайлы тақпақ жаттауға жаттықтыру; жыл мезгілі жайлы кішігірім, тұтас әңгіме модельдеу біліктіліктерін, көктемгі құбылыстар жайлы жай сөйлем құрастыруды дамыту; есте сақтау, көру, ойлау қабілеттерін, жағымды эмоция таныту біліктіліктерін дамыту.
Сөздік жұмыс.
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
Сөздіктеріне "көктем мезгілі", "аналар мерекесі", "жаңбыр жауды" сөздерін еңгізу; "тарс-тұрс", "тырс-тырс" еліктеуіш сөздері мен "көктем келді", "құстар ән салады", "қар ериді", "жылғалар ағады" сөз тіркестерінің көмегімен сөйлеу қорларын арттыру.
"Көктем" тақырыбын айқындайтын көңілді әуен аудиотаспасы.
Демонстрациялық сурет "Көктем келді!".
Суретті қарастыруға арналған "сиқырлы сақина" моделі.
"Көктем келді!" тақырыбына әңгіме модельдеуге арналған мнемокестелер.
Орташа қарқындаға ырғақты әуен аудиотаспасы.
"Көктем" тақырыбының мазмұны бойынша суретті-сызбалар:
Көктем жайлы тақпақты сүйемелдеу үшін көңілді, ырғақты әуен аудиотаспасы.
"Кел, сәлемдесейік" жаттығуы.
Сурет көрсету «Көктем келді».
Көркем сөз."Көктем". (Б. Жақып)
"Сиқырлы сақина" моделі негізінде суретті сипаттауға арналған сөздік жаттығу.
Мнемокесте негізінде көктем жайлы әңгіме модельдеуге арналған жаттығу. "Көктем келді!".
Логоырғақ. «Жаңбыр жауғанда».
Өлеңді мәнерлеп, қайталап оқу.
Суретті-сызба негізінде өлең жаттатыруға арналған жаттығу. "Көктем".

Ұйымдастырылған іс-әрекет
Мектепалды топ
Дүйсенбі

Сауат ашу пәнінен алған білімдерін пысықтау. Дыбыс, әріп, буын, сөз, сөйлем туралы түсініктерін тиянақтау. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу. Сағат сөзіне дыбыстық талдау жасап, дыбыстарды белгілеу. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сөйлем құрастыруға дағдыландыру. Топпен бірлесіп жұмыс істеуге, ұғымталдыққа, шапшаңдыққа баулу. Таным қабілеттерін, байланыстыра сөйлеу дағдысын дамыту. Денсаулықты сақтау үшін, денсаулық ережелерін білу. "Денсаулық - зор байлық", "Дені саудың – жаны сау" - деген қағидаларды балалардың бойына сіңіру.
Сөздік жұмыс.
Байланыстырып сөйлеуді дамыту.
Сөйлеудің грамматикалық құрылымын дамыту.
"Тазалық", "гигиена", "ұқыпты", "таза", "Денсаулық – зор байлық", "Дені саудың- жаны сау" сөздерін және мақал-мәтелдерін пайдалану.
Слайдтағы cуреттер, буындар, сөзжұмбақ, ойындар, бейне таспа, оқулық, суреттер, кеспе әріптер, үлестірме қағаздар, Әліппе, хат қалта, пошта жәшігі, интерактивті тақта, слайд шоу, бейне көріністер, қызыл, көк текшелер, үнтаспа,табиғат көрінісі, сурет, үй жабдықтарының ойыншық түрлері.
Бала санына байланысты жазуға арналған дәптерлер, қаламсаптар.
Жылулық шеңбері: "Денсаулық – ол шыныққан барлық дене мүшесі".
Артикуляциялық гимнастика: "Айтқанға көнбеген тілді жазалау", "Тәтті тосап", "Әткеншек", "Тілдің ұшымен тарсылдау", "Кеме".
Мақал-мәтелдер айту: Денсаулық – зор байлық. Дені саудың- жаны сау.
Мнема техника әдісі арқылы жолдарын жаттату.
Өткен тақырыптар бойынша викторина.
"Сағат" сөзіне дыбыстық талдау жасау.
"Тәтті сөздер" дидактикалық ойыны.
"Қар үйіндісі" ойыны.
Жұмбақтар сайысы."Сөздер тізбегі" ойыны (айтылған дыбысқа сөз табу, тізбектен түсіп қалмау).
Тіл ұстарту жаттығулары.
Дыбыстық жаттығулар.
Есте сақтау жаттығуы: балалар өздігінен ереже айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет