Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет126/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

68-жаттығу.
 
Мәтіндегі көптік мағыналы зат есімдердің қандай жолмен жасалғанын 
дәлелдеңіздер.
Қанша жұрт жұмыстан қалып, қанша уақыт сергелдеңге түскелі отыр 
(Ғ.М.).Сиырларды сауатын да, пішеншілердің ас-суын даярлайтын да менің 
шешем болатын (С.М.). Жұмыскерлер түскі демалысқа келіп, үйшіктерінде, 
барақтарында, күрке, баспана көлеңкелерінде тыныстап жатыр (С.С.). Емен 
шаң-топырақтан көрінбей бір кетті де, аздан соң бар жапырағынан бір-ақ 
айырылып, сорайып қалды (Ғ.М.). Тасығандары- өзі өскен шөп емес, қолдан 
еккен жоңышқа, бидайық, мысыққұйрық (Ғ.Мұст.). 
Жас шалғыны мол, кең қоныс – Барлыбайда отырған Абай аулы. Мұнда 
бүгін үлкен әбігер бар. Ақ үйлер мен отаулар, қонақ үй, ұраңқайлар арасында 
асығып басып жүргендер көп. Көрпе-жастық, асжаулық, тегене, тостаған, 
самауырлар тасыған жас әйелдер, еркектер қарбаласады. Таза көйлек, камзол 
киіп, көкбараздаған кимешек-шаршы тартқан келіншектер мен үкілі бөріктері 
бар қыздардың ажарында мереке күн белгісі сезіледі. Әлденеге қуанып,шулап 
жүгіріскен үлкенді-кішілі балалар да таза киімдер киіскен. Оларды оқудан да 
босатқан күн сияқты (М.Ә.). 
§ 55. Зат есімнің тәуелдік категориясы және тәуелдік жалғаулары 
 
Тәуелділік, меншіктілік мағына барлық тілдерде болғанымен, оның арнайы 
грамматикалық көрсеткіштер арқылы берілуі барлық тілге тән емес. Қазақ 
тілінің өзге халықтардың тілінен ерекшелігін бейнелейтін морфологиялық 
категория - тәуелдік категориясы. Қазақ тіліндегі зат есім сөздері өзге 
сөздермен түбір күйінде тікелей байланысқа түсіп те, белгілі жаққа тәуелденіп 
те байланысады. 
Бала мектептен келді 
деген сөйлемде 
бала 
деген сөз жекеше 
атау тұлғада айтылып, бастауыш қызметінде келіп тұр. Ал 
Менің балам 


мектептен келді. Сенің балаң мектептен келді, Оның баласы мектептен 
келді 
деген сөйлемдерді алатын болсақ, 
бала 
сөзінің сөйлемдегі атқаратын 
қызметі өзгерген жоқ. Бірақ морфологиялық тұлғасы өзгеруі арқылы 
грамматикалық мағынасы өзгерді. Бала сөзіне бірінші сөйлемде 
-м, 
екінші 
сөйлемде 
-ң, 
үшінші сөйлемде 
-сы 
қосымшасы жалғану арқылы 
«бала»-ның
келуімен қатар, оның сөйлеуші (I жақтағы), тыңдаушы (II жақтағы), бөгде (III 
жақтағы) адамдарға тән екендігі қоса хабарланып тұр. 
Қазақ тілінде көптеген жағдайда зат есім сөздерінің бірқатарын үш жақтың 
біріне тәуелдеп айтпай қолдануға келмейді. Адамның дене мүшелері туралы
әңгімеленетін болса, ең алдымен, сол мүшенің қай жақтағы адамға тән 
(тиесілі, меншікті) екендігі морфологиялық жағынан көрсетілуі керек те, 
содан кейін барып өзге сөздермен синтаксистік байланысқа енеді. Мысалы: 
басым ауырады, басың ауыра ма, басы ауыра ма 
түрінде ауыратын мүшенің 
кімдікі екендігі қоса көрсетіледі. 

Зат есімнің тәуелдік категориясы сөйлем ішінде тәуелдік жалғаулары 
арқылы көрінеді
.
Тәуелдік жалғау үш жақта қолданылады. Грамматикалык 
жақ, негізінде, адаммен байланысты болады. Бірінші жақ сөйлеуші адамды, 
екінші жақ тыңдаушы адамды, үшінші жақ бөгде адамды білдіреді. 
Бірінші, екінші жақтың мағынасына қарағанда, үшінші жақтың мағынасы 
әлдеқайда кең. Өйткені бірінші, екінші жақтың мағынасы тек сөйлеуші 
жәнетыңдаушы адамдармен ғана байланысты. Ал үшінші жақ деген ұғымға 
сөйлеуші мен тыңдаушыдан басқа әлемдегі нәрсенің бәрі енеді.Сондықтан 
үшінші жақта тәуелденген нәрсе бөгде адамға ғана меншікті болып қоймай
өзге нәрселерге де тән, тиесілі болады. Мысалы, 
менің қағазым, сенің көйлегің 
дегенде, 
қағаз 
бен көйлектің 
 
бірінші, екінші жақтағы адамдарға меншікті 
екендігі көрсетіліп тұр. 
 Оның дәптері, кітаптары 
дегенде, бір дәптер мен 
бірнеше [кітаптың үшінші жақтағы бір адамға меншікті екендігі көрсеттіліп 
тұр. Ал 
судың ағысы, қайыңның бұтағы, тауықтың балапаны, мектептің 
ауласы, лекцияның тақырыбы 
дегенде 
ағысы, бұтағы, балапаны, ауласы, 
тақырыбы
сөздеріндегі тәуелдік жалғаудың үшінші жағы бұл нәрселердің 
бөгде жақтағы адамға меншікті екендігін көрсетіп тұрған жоқ: бір нәрсе мен 
екінші нәрсенің арасындағы табиғи байланысты көрсетеді. Ағыстың суға тән, 
бұтақтың терекке тән, балапанның тауыққа тән, ауланың мектепке тән, 
тақырыптың лекцияға тән екендігін көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет