ат байлаулы тұр. (Ғ. Сл.) .
§ 68. Сан есімнің түрлері Сан есімдер тұлғалық құрылысына қарай
дара және
күрделі болып екіге
бөлінетіні сияқты, мағынасына қарай 6 түрге бөлінеді: 1) есептік 2) реттік 3)
жинақтық 4) бөлшектік 5) топтау 6) болжалдық.
1.Есептік сан есім. Бірөңкей заттарды есептеп, нәрсенің дәл санын көрсету үшін қолданылатын сандарды е с е п т і к с а н е с і м дейді. Есептік сан есімдер н е ш е ?, қ а н ш а ? деген сұрақтардың біріне
жауап береді. Мысалы:
Он бес оқушы, жиырма мектеп. Есептік сан есім заттың дәл санын білдіру үшін қолданылатын болғандық-
тан, зат есім сөзімен тіркесіп айтылады. Сондықтан есептік сан есім белгілі
нәрсенің дәл санын көрсету үшін зат есім сөзімен тіркесіп айтылғанда,
септелмейді, тәуелденбейді, ешқандай өзгеріссіз қалып отырады.
Мысалы: бес оқушы, бес оқушының, бес оқушыға, бес оқушыны, бес оқушыда, бес оқушыдан,бес оқушымен; бір кітабым бар,бір кітабың бар,бір кітабы бар. Ал есептік сан есім зат есімге тіркесіп айтылмай, арифметикалық белгі
ретінде қолданса,зат есімнің үлгісімен септеледі.
Мысалы: Бір жүз елуден қырық бесті кемітсе,бір жүз бес қалады. Жетіні беске көбейтсе,отыз бес болады. Күрделі сан есімер бөлек жазылады:
қырық алты,бір мың тоғыз жүз. Цифрмен жазылған сан есімдерге қосымшалар дефис арқылы жалғанады.
Мысалы:
Ол биыл 45-ке шығады. 60-ты 7-ге қалдықсыз бөлуге келмейді. 93-жаттығу .
Мына цифрмен жазылған сандарды сөзбен көшіріп жазыңдар да, олардың
ішінен,таңдауларың бойынша,бес санды цифрмен жазып,әр түрлі қосымша жалғап
жазыңдар.
2,3,4,5,6,7,13,18,22,96,105,1874.
2.