Өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды



бет1/3
Дата20.05.2023
өлшемі18,74 Kb.
#95588
түріҚұрамы
  1   2   3

Сөйлем дегеніміз – әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да түрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе сөз тіркестері құрайды.
Сөйлем болу үшін, оның грамматикалық негізі, яғни тұрлаулы мүшелері болу керек.
Сөйлем құрамына қарай жай сөйлем және құрмалас сөйлем болып бөлінеді. Жай сөйлемде бастауыш та, баяндауыш та біреу болып, тиянақталған бір ғана ойды білдіреді. Мысалы, Тілек пен Әлішер аулада ойнап жүр. Ал құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді. Мысалы, Күз айы басталып, жер бетін сары ала жапырақ жапты. Сөйлем интонациясына, айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты сөйлем болып төртке бөлінеді.
Белгілі бір оқиға, құбылыс, іс-әрекет туралы хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем хабарлы сөйлем деп аталады.
Хабарлы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады; 2) белгілі бір шаққа қатысты болады (өткен шақ, осы шақ, келер шақ); 3) айтушының іс-әрекетке көзқарасын, ой-пікірін білдіреді; 4) хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліпсоңына қарай бәсеңдейді; 5) хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады.
Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.
Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер: 1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады; 2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулық демеулік шылауларының қатысуымен жасалады; 3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады; 4) сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.
Сұраулы сөйлемдер негізгі сұрақты, жетек сұрақты, анықтауыш сұрақты болып бөлінеді.
Негізгі сұрақты сұраулы сөйлем – бір нәрсе, оқиға, іс туралы мәлімет алу үшін қойылған бастапқы сұрақты сөйлем. Мысалы: Бізбен бірге саяхатқа барасың ба? Қазақтың қандай ұлттық аспаптарын білесің? Балаңыз мектепті қашан бітірген? Бұл сөзбен не айтпақсыз?
Негізгі сұрақ сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше шылауларының қатысуымен жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет