Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер



Pdf көрінісі
бет238/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   406
Үстеу, шылау, одағай, еліктеу сөздер 
Ү С Т Е У 
§ 
91. Үстеу туралы түсінік
Өзге сөз таптары сияқты морфологиялық өзгерістерге енбейтін, 
етістік сөздеріндегі іс ,қимыл,амалдың бейне-белгісін , күй -жайын және 
мезгілдік , мекендік, мөлшерлік белгілерін білдіретің сөз табы ү с т е у 
деп аталады . 
Үстеулер етістіктегі қимылдық процестің мезгілін, мекенін, жай-күйін , 
мөлшерін білдіреді де , қ а л а й ? қ а н ш а ? қ а ш а н ? қ а й д а ? қ а й д а 
н ? деген сұрақтардың біріне жауап болып тұрады. Мысалы : 
Қ а ш а н? - 
кеше , күндіз,баяғыда ,оқта-текте ; 
Қ а й д а? - 
төменде , жоғарыда, артта, аста ,әрмен , бермен;
Қ а й д а н ? - 
алдан , әріден , жалма-жан , қолма-қол, бетпе-бет;
Қ а н ш а? - 
сонша ,талай, бірталай;


Үстеулер , негізінде , етістік баяндауышпен немесе сөйлемдегі
етістіктен болған өзге мүшелермен байланысып, пысықтауыш болады. 
Мысалы:1).
Әдейі 
өз тілінде сұрайды да, артынан 
орысша 
айтады . 
(Ғ.Мүсір). 2) Мырқал дейтін ағаң 
 былтыр
мен барғанда шахты бастығы еді.
Қазіргі бастық Сәуле де , ағаң орынбасар (Ә.Ә.) . 3) Ол бүгін күндегіден
ерекше боп
соншалық
жақындай түскен (М.Ә). 
Бұл сөйлемдердегі 
былтыр ,бүгін
деген үстеулер қимылдың мезгілін 
білдіріп қ а ш а н? деген сұраққа жауап беріп , мезгіл пысықтауыш болып 
тұр . 
Әдейі орысша
деген үстеулер қимыл,амалдың жай-күйін білдіріп
қалай?
деген сұраққа жауап беріп , сын-қимыл пысықтауыш болып тұр. 
Соншалық
деген үстеу сөзі жақындай түсу қимылының мөлшерін ,шамасын білдіріп
қаншалық? 
деген сұраққа жауап беріп ,сын-қимыл 
пысықтауыш болып тұр . 
Үстеулердің барлығы бірдей етістік сөзімен байланысты бола бермейді. 
Бірқатар үстеулер есім сөздерімен (сын есіммен ), үстеулердің өздерімен де
байланысты болып сындық белгілерді айқындап тұрады . 
Мысалы.Ол кісі –
Қарағандының қазір ең атақты адамы . (Ә:Ә). Әрине, сонша қадірлі
мұртты осынша былғап алғаныңызды өз оңтайсыздығыңыздан деуге 
болады .(Ғ.Мүсір) 
деген сөйлемдердегі
ең ,сонша
үстеулері 
атақты , қадірлі
деген сын есім сөзінің сындық мағынасын күшейтіп, анықтауыш болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет