Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет234/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   406
§ 89. Шартты рай 
Сөйлемдегі өзге етістікте айналған іс, қимыл, амалдың 
орындалуының я орындалмауының шартын көрсетіп тұратын етістіктің 
түрі ш а р т т ы р а й деп аталады.
Мысалы: Жаңбыр 
жауса,
жер көгереді. Билет 
болса,
біз бүгін киноға барамыз
деген сөйлемдердегі 
жауса, болса 
деген шартты райлы етістіктер өздерінен 
кейін айтылған 
 көгереді, барамыз
деген ашық райлы етістіктегі қимыл,
амалдың шартын білдіріп тұр. Жердің көгеруі үшін, жаңбырдың жаууы шарт: 
киноға бару үшін, билеттің боолуы шарт болып көрсетіліп тұр.


221 
Шартты рай етістіктің түбіріне 
–са, -се 
жұрнағы жалғану арқылы
жасалады. Шартты райлы етістікке жіктік жалғау қосымшалары І және ІІ 
жақта ғана жалғанады.
І жақта жіктік жалғау қосымшасы жекеше түрде

болып жалғанады
 -қ, -к
(бар+са+м, кел+се+м, бар+са+қ, кел+се+к)

ІІ жақта жекеше анайы түрде
-ң,
сыпайы түрде 
-ңыз, -ңіз 
болып 
жалғанады (
бар+са+ң, кел+се+ң, бар+са+ңыз, кел+сеңіз) 
ІІ жақтықь жіктік 
жалғаудан соң 
- дар, -дер
көптік жалғау қосымшасы жалғанып, шартты 
райдың екінші жағының көпше түрі жасалады (
бар+са+ңдар, бар+са+ 
ңыздар, кел+се ңіздер). 

Шартты райдың үшінші жағының жекешесінің де, көпшесінің де арнайы 
жіктік жалғау қосымшасы болмайды. 
(ол келсе, барса; олар келсе, барса )

Етістіктің шартты райының жіктелу үлгісі 
 
жақ 
жекеше
көпше
І 
ІІ 
ІІІ 
бар+са+м, кел+се+м
бар+са+ң, кел+се+ң
бар+са+ңыз, кел+се+ңіз
бар+са , кел+се
бар+са+қ, кел+се+к
бар+са+ңдар, кел+се+ңдер
бар+са+ңыздар кел+се+ңіздер
бар+са, кел+се.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет