Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Себеп-салдар үстеулері. Қимыл, амалдың себебін я салдарын



Pdf көрінісі
бет245/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   406
Себеп-салдар үстеулері. Қимыл, амалдың себебін я салдарын 
(нәтижесін) білдіретін үстеулердің түрі с е б е п - с а л д а р ү с т е у – 
л е р і деп аталады.
Себеп-салдар үстеулері қалай?, неліктен? Деген сұрақтардың біріне жауап 
береді. Оларға мынандай үстеулер жатады: 
босқа, бекерге, амалсыздан, 
лажсыздан, шарасыздан. 
Бұлардан басқа көсемшелердің қайталануы арқылы 
жасалатын 
сөйлей-сөйлей, көре-көре, оқи-оқи т.б.
туынды үстеулер де 
көбінесе осы топқа жатады 


231 
7). 
Топтау үстеулері. Қимылдың, іс-әрекеттің бірігу арқылы 
істелгенін немесе , керісінше, жекеленіп, сараланып істелетіндігін 
білдіретін үстеулердің түрі т о п т а у ( я с а р а л а у ) ү с т е у л е- р 
і деп аталады.
Бұл үстеулер
қаншадан? , нешеден?, нешеуден?, қалай-қалай?
деген 
сияқты сұрақтарға жауап береді.
Мысалы, екеулеп, үшеулеп, он-ондап, бір-
бірлеп, аздаған, көптеген, топ-тобымен, рет-ретімен, тең-теңімен, алды-
алдына, бас –басына т. б. 
8).
 
Күшейту (ұлғайту) үстеулері. Заттың сынын, мөлшерін, көлемін, 
қимылдың сапасын я аса күшейтіп , я солғындатып көрсету үшін 
қолданылатын үстеулердің түрін к ү ш е ту үстеулері деп атайды . 
 
Күшейткіш үстеулер
қалай? қандай?
деген сұрақтардың біріне жауап 
береді . Мысалы : 
ең, тым, өте, тіпті, аса, әбден, мүлде, нақ, қақ, орасан , 
нағыз, ылғи,кілең,сәл, дәл, өңкей. т .б.
 
§ 94.
Үстеулердің сөйлемдегі қызметі. 
 
Үстеулер сөйлемде негізінен пысықтауыштың қызметін атқарады. 
Мысалы: Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым (Абай); Әлібек 
амалсыздан тоқтады (Ғ.Мұст.)
деген сөйлемдердегі 
ерте, амалсыздан
деген үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды пысықтап тұр. 
Үстеулер етістіктен болған басқа мүшелерді де пысықтайды.
Мысалы:
Оның еміс-еміс білетіндері – қызыл балықтар ғана
(Ғ. Сланов) деген 
сөйлемдегі 
еміс-еміс
үстеуі 
білетіндері 
деген етістіктен болған бастауышты 
пысықтап тұр. 
Үстеулер етістіктен болған баяндауыштарды да пысықтайды. 
Мысалы, 
Бозбаламын мен де енді (Жамбыл): Бүгінгі жастар шетінен сауатты
( Ғ. Мұст.) деген сөйлемдерде
енді 
үстеуі 
бозбаламын
деген баяндауышты, 
шетінен
үстеуі 
сауатты 
деген баяндауышты пысықтап тұр. 
Кейбір үстеулер өздерінің семантикалық мағынасына қарай , әдеттен тыс, 
сын есімді де, үстеудің өзін де, зат есімді де айқындайды. 
Мысалы: Мен бүгін 
сонша шаршадым (Ғ.Мұст.); Ол сонша өрескел сөз айтты (Ғ. Мұст.) 
Сонша алтынды қайдан алдың? (С.М.) 
деген сөйлемдерде 
сонша
деген үстеу 
бірінші сөйлемде етістікті (
шаршадым
) айқындаса, екінші сөйлемде сын 
есімді (
өреск
ел), үшінші сөйлемде зат есімді (
алтынды
) айқындап тұр. 
Кейбір үстеулер жіктеліп баяндауыш та болады. 
Мысалы: Мен мұндамын. 
Мен сенімен біргемін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет