Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет247/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   406
134-жаттығу.
Үстеулердің мағыналық, морфологиялық ерекшеліктеріне, синтаксистік 
қызметіне
 
талдау жасаңыздар.
1)
Орнымнан шұғыл тұрдым ( З.Ш.). 2) Әрқашан да осылай, ешкім 
сенбейді маған. 3) Кеше жауабын беремін деп уәде еткен едім. 4) Жолшыбай 
соғып қайтармын. 5) Қадиша киініп те үлгерген, қайтуға әзір тұр екен. 
6)Ертең, бүрсігүні не бітіресіз. 7) Міне, бүгін келді. 8) орға шыдап, қиналып 
жатқан адамның кейпі бар. 9) «Кейін, кейін» деп, қабылдамайды. 10) Манадан 
бері неге айтпадың 
?
11) Бұл әншейін жол-жөнекей айтылған сөз. 12) Мен 
балаша сақ-сақ күлдім. 13) Қасына қайта отырғызды. 14) Ыза кернеп зорға 
тұрмын
Шылау 


233 
 
§ 95. Шылау туралы түсінік 
 
Тілде жеке тұрғанда толық лексикалық мағыналары жоқ, өздігінен 
сөйлемге дербес мүше бола алмайтын сөздер бар. Мысалы: 
дейін, шейін, соң, 
кейін, ғой, ғана, үшін, арқылы, туралы, мен, және, да, бірақ, өйткені, не, 
немесе, әрі, я, яки, сайын, ау, ақ.
т. б. 
Бұлар сөйлем ішінде өзге бір толық мағыналы сөздердің, сөз тіркесте-
рінің, не тұтас бір сөйлемнің мағыналарын толықтыру, дәлдеу, тиянақтау 
үшін, оларға ерекше мағыналық өң беру үшін, немесе сөйлемнің бірыңғай 
мүшелерін және сөйлемдерді өзара байланыстыру үшін қолданылады.
Бұлардың бірқатарының сөйлемдегі атқаратын қызметі қосымшаларға ұқсас 
болады. Өйткені олар толық мағыналы сөздердің лексикалық, грамматикалық 
мағыналарын түрлендіру үшін, дәлелдеу, толықтыру үшін қолданылады. 
Бұлар жеке тұрғанда толық лексикалық мағынасы болмағанмен, өзге 
мағыналы сөздерге тіркесе айтылғанда белгілі дәрежеде мағыналары болады, 
бірақ ол мағыналары өзге дербес мағыналы сөздермен тіркесті түрде ғана 
көрінеді. Бұл сөздердің атқаратын қызметі мен мағыналарын айқынырақ 
түсіну үшін бірнеше сөйлем алып талдап көрелік. 1) 
Олар тек орыс 
мәдениетінен мол суарылу 
арқылы 
өз заманындағы алдыңғы қатардағы 
мәдениеттің биік шыңына шықты. (С. М.) 
2) 
Екеуміздің де құлағымыз 
көшедегі үлкен репродуктордан алысқа кетіп жатқан назқоңыр, мұңды әнде. 
(М. И.) 
3) 
Өзіне ере шыққан Бөрібасарды Сәтжан ауылдан ұзаған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет