Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет256/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   406
139-жаттығу

Мына сөйлемдерді көшіріп, одағайлардың астын сызып жазыңдар. 
Түрлерін айтып беріңдер. 
1.
Айпыр-ай, мен Москваға қашан жетер екенмін?-деп, Саржан кенет 
басқа бір ойға толқып кетіп еді, оған жауапты жолды көп білетін Гриша 
береді. 2.-Эх, соғыс, соғыс! Аңсаумен ас ішкізіп, қайғымен дем алдырдың-ау! 
(Ә.Ә) 3.Шырағым-ай, әншейін бір қиял да! 4.- Алақай, мама,- Шәріпқали мәз-
мәйрам күліп, апай екеумізге кезек қарады, -мен де Дауыл ағамдай суретші 
боламын! (Ә.С.) 5.- Ойбай, Шокланы қара! – Япыр-ау, осы сізге түсер олжа 
бар ма 
?
– Пәлі, пәлі сөзіне ! -Бәрекелді, әбзәл сөз !– Уа, сөз төресі осы да ! - 
деп, даурығып, мақтау айтқан Алшынбай. – Әттеген-ай, көре алмай қалдым – 
ау! (М.Ә.) . 
Еліктеу сөздер 
 
§ 98. Еліктеу сөздер туралы түсінік. 
 
Күнделікті ауызекі сөйлеу тілінде және жазба әдеби тілде кеңінен 
қолданылып жүрген, өзге сөз таптарына мағыналық жағынан да ұқсамайтын 
сөздер тобы бар. 
 
Күнделікті тұрмыстағы кездесетін алуан түрлі дыбыстарды, түсті, 
қимыл – амалды біреудің көз алдына елестету үшін, сол болмыстардың 
еліктеу бейнесіне тағылған атауларды е л і к т е у с ө з д е р дейді. 
Мысалы: 
сырт – сырт, сарт – сұрт, тарс – тұрс, шылдыр – шылдыр, қарқ – 
қарқ, тық- тық, пыш – пыш, арс- арс, ыңқ - ыңқ, сылқ – сылқ, жылт – жылт, 
жалт – жұлт, жарқ – жарқ, сылаң- сылаң, бұлаң – бұлаң, жымың – жымың, 
сып – сып, жып – жып, алаң – құлаң, т. т.


Бұл сөздердің өзара біріне - бірінің жақындық, ұқсас белгілері де, бір – 
бірінен белгілі дәрежеде айырмашылықтары, ерекшеліктері де бар. Олардың 
ұқсастық жағы – белгілі бір болмыстың бейнесіне тағылған атау екендігінде. 
Ерекшелігі – бұл сөздер мағыналық жағынан үш топқа бөлінеді. Бірінші топ 
белгілі дыбыстардың еліктеу атаулары (
сырт – сырт, сарт – сұрт, тарс –
тарс, шылдыр – шылдыр, қарқ – қарақ, тық- тық, пыш – пыш, арс – арс, ыңқ 
– ыңқ, пырт – пырт, сылқ – сылқ)
; екінші топ белгілі түстің бейнелік еліктеу 
атаулары (
жылт – жылт, жалт – жұлт, жарқ – жұрқ
); үшінші топ әр түрлі 
қимылдың бейнелік еліктеу атаулары (
сылаң – сылаң, бұлаң – бұлаң, жымың – 
жымың, сып – сып, жып – жып, алаң – құлаң).
Еліктеу сөздер негізгі екі топқа бөлінеді: 1) еліктеуіш сөздер
2) бейнелеуіш сөздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет