Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет268/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   406
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Тіл білімінің синтаксис деп аталатын саласы нені зерттейді? 
2)
 
Сөйлем деген не? Сөйлеу деген не? 
3)
 
Сөйлемдер айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді? 
4)
 
Қандай сөйлемді хабарлы сөйлем дейді? 
5)
 
Қандай сөйлемді сұраулы сөйлем дейді? Сұраулы сөйлемдердегі 
сұраулық мағына қандай жолдармен беріледі? 


6)
 
Қандай сөйлемдерді лепті сөйлем дейді? 
7)
 
Қандай сөйлемдерді бұйрықты сөйлем дейді? 
 
144-жаттығу. 
Мәтінді оқып шығып, сөйлем соңындағы тыныс белгіле-рінің әр
түрлі болу себебін түсіндіріңдер. 
1) — Қағаз да бергізбейсің бе? 

Бергізбеймін. 

Оның ағайыншылыққа жата ма? 

Ағайыншылығыңды көргем. Маған өкпең өтпейді. Қеңшілікте шаңына 
ілестірмейтін ең, тарыққанда табайын деген екенсің. 
(С. М)
2) - Бұлар жайында не білесің? 
— Қөмір іздеп жүргендер ғой. Тіпті ерінбейді. Тесе береді 
жерді. Бұлар келгелі екі-үш жыл болды. 
(Ғ. М.)
3) — Сырттан келгенді алмай ма? 

Неге алмасын? 

Мәселен, мені ала ма? 

Білімің толса, алады. 
(М. И.)
4) — Қошақандар тугел ме, Жаныс аға? 

Түгел ғой, қарағым. Неге түгел болмасын! 

Ертелеу бөлгеи жоқсыз ба? 
—Жоқ-жоқ, қарағым. Басқа жағыңа разымын. Тек осы дағ- 
дыма қол сұқпасаң болды. (Ғ. Сл.) 
СӨЗ ТІРҚЕСТЕРІ ЖӘНЕ СӨЙЛЕМДЕГІ СӨЗДЕРДІҢ
БАЙЛАНЫСЫ 
 
§ 102. Сөз тіркесі
Сөйлемге енген сөздерді сөйлем мүшелелеріне ажыратып, синтаксистік 
талдау жасауда белгілі қызмет атқаратын шешуші мәселенің бірі сөз тіркесі 
категориясы болып табылады.Өйкені сөйлемдегі сөздер қалай болса, солай 
орналаса бермейді. Ең алдымен жеке сөздер өзара мағыналық, грамматика-
лық жағынан белгілі синтаксистік топ құрайды да, сөйлем мүшесінің 
қызметіне енеді.
Астық артқан он машина дымқыл боздың соны жолымен баяу қозғалып 
келеді ( « Қаз. Әд.» )
деген сөйлемді алсақ, бұл сөйлемде он бір сөз бар. Ол 
сөздер мағыналық және грамматикалық жағынан өзара байланысып, 
төмендегі сияқты тіркестерге енген:
1) машина келеді, 2) қозғалып келеді, 3) 
баяу қозғалып, 4) он машина, 5) астық артқан, 6) соны жолымен, 7) дымқыл 
боздың, 8) боздың жолымен, 9) жолымен келеді. 


251 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет