Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет110/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

С Ө З Т А П Т А Р Ы 
§ 50. Сөз таптары туралы жалпы түсінік 
Тілде қолданылатын сөздер көп. Әрбір сөздің өз алдына беретін дербес 
мағынасы болады. Сөйте тұрса да, тілдегі қолданылып жүрген сөздер 
лексикалық мағыналары, тұлғалық белгілері жағынан және сөйлемдегі 
атқаратын қызметі жағынан өзара бір-біріне ұқсас бірнеше топтарға жіктеледі. 


113 
Мысалы, 
Мемлекет басшысының атына ел азаматтарынан Астана 
Саммитінің жоғарғы деңгейде өтуіне және Тәуелсіздіктің 19 жылдығына 
байланысты құттықтаулар толассыз келіп түсуде («Егемен Қазақстан») 
деген сөйлемде 19 сөз бар. Олардың он сегізі — жеке тұрғанда дербес 
мағыналары бар негізгі сөздер де, біреуі — жеке тұрғанда өз алдына дербес 
лексикалық мағынасы жоқ, сөйлемге өздігінен мүше бола алмайтын, өзге 
сөздермен тіркесіп айтылып, олардың арасын байланыстырып тұратын 
көмекші сөз. 
Бұл сөйлемдегі дербес лексикалық мағыналы сөздердің мағыналары мен 
сөйлемде атқарып тұрған синтаксистік қызметтері де бірдей емес. 
Мемлекет, 
басшысының, атына, ел, азаматтарынан, Астана, Саммитінің, деңгейде
Тәуелсіздіктің, жылдығына , құттықтаулар
деген сөздер лексикалық 
мағыналары жағынан белгілі заттың, ұғымның атауын білдіреді. Олардың 
барлығы да жекеше атау тұлғада к і м? н е? деген сұрақтарға жауап береді, 
көптеліп, тәуелденіп, септеліп барып, сөйлемнің белгілі мүшесінің қызметін 
атқарып тұр. 
Басшысының, Саммитінің, Тәуелсіздіктің 
сөздері ілік 
жалғауында келіп анықтауыш, 
мемлекет, ел, Астана 
сөздері
 
бастапқы 
тұлғада тұрып, өзінен кейінгі сөзбен орын тәртібі арқылы қабыса байланысып 
анықтауыш; 
құттықтаулар 
деген сөз көпше атау тұлғада тұрып бастауыш, 
атына, азаматтарынан, жылдығына 
деген сөздер барыс, шығыс септік 
тұлғасында келіп, жанама толықтауыш қызметінде қолданылып тұр. Бұл 
сөздердің барлығы да заттың атын білдіріп, көптік, септік, тәуелдік 
жалғауларын қабылдап, сөйлемде әр түрлі сөйлем мүшесі болып 
тұрғандықтан, з а т е с і м с ө з д е р і тобына жатады. 
жоғарғы деңгейде,
толассыз 
деген сөздер қимылдың сапасын білдіріп, 
пысықтауыш, 
өтуіне, келіп, түсуде 
сөздері лексикалық мағынасы жағынан 
қимыл, амал-әрекетті білдіріп баяндауыш қызметінде қолданылып тұр. Бұл 
сөздер лексикалық мағынасы жағынан қимылды білдіріп, тұлғалық жағынан 
ашық рай, тұйық рай және есімше түрінде келіп, сөйлемде әр түрлі мүшенің 
қызметінде жұмсалып тұрғандықтан, е т і с т і к т е р тобына жатады. 
Он тоғыз
деген сөз, лексикалық мағынасы жағынан өзінен кейінгі сөздің 
санын көрсетіп, анықтауыш болып тұр. Сондықтан бұдан бұрынғы сөздермен 
салыстырғанда, бұл сөз өзге бір сөздердің тобына, яғни, с а н е с і м д е р 
тобына жатады. Ал ж
әне 
сөзінің жеке тұрғанда дербес лексикалық мағынасы 
жоқ, сөйлемде өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды, өзіне қосымшалар 
қабылдап, тұлғалық өзгерістерге енбейді. Сондықтан бұл сөз к ө м е к ш і
с ө з д е р тобына енетін шылау сөз. 
Сөйтіп, тілдегі қолданылып жүрген сөздер лексикалық мағыналары, 
тұлғалық белгілері жағынан және сөйлемдегі атқаратын қызметі жағынан бір-
біріне ұқсас болып, өзара бірнеше үлкен-үлкен топтарға жіктеліп тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет