Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Тіл — қатынас құралы. Фонетика, графика және орфоэпия



Pdf көрінісі
бет2/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Тіл — қатынас құралы. Фонетика, графика және орфоэпия. 
 
§ 1. Тіл — қатынас құралы.
Адамның қоғамда өмір сүруі қанша қажет болса, олардың бірі мен бірінің 
қарым-қатынас жасауы, пікір алысуы, түсінісуі соншалық қажет болып 
табылады.
Адамдардың бір-бірімен пікір алысу құралы болмаса, олардың табиғаттың 
жасырын сырын ашып, оны меңгерудегі күресі, тұрмысқа қажетті 
материалдық игіліктерді өндірудегі іс - әрекеті де жолға қойылмаған болар 
еді. Олай болса, пікір алысу болмайынша, қоғамдық өндірістің болуы да 
мүмкін емес. Пікір алысудың, түсінісудің құралы болып табылатын қоғамның 
барлық мүшелеріне бірдей түсінікті ортақ тіл болмаса, қоғамда өндіріс 
тыйылады, қоғам ыдырайды да, қоғам болудан қалады. 
Тіл — қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Тіл қоғамның тууымен, 
дамуымен бірге туады, дамиды. Қоғамнан тыс тіл болмайды. 
Тіл оймен тікелей байланысты. Адамның ойы адамды қоршаған 
айналадағы заттардың, құбылыстардың, қоғамдық, әлеуметтік үрдістердің
адам санасындағы көрінісі, сәулесі болып табылады. Адам санасында пайда 
болған ой тіл арқылы ақиқатталады, аталады, сыртқа шығады. Адам өз 
өмірінде таныған, түсінген, білген, сезген, көрген нәрселерін тіл арқылы 
баяндайды.
Тілдің негізі болып табылатын бір-бірімен тығыз байланысты екі нәрсе 
бар. Бірі — тілдің сөздік құрамы, екіншісі — оның грамматикалық құрылысы. 
Тілдің сөздік құрамындағы басты нәрсе — негізгі сөздік қор. 
Сөздік қор деген түсінікке тілдегі байырғы түбірлік сөздердің бәрі жатады 
да, ол тілдің сөздік құрамының дамуына негіз болады. Сөздік қор көлемі 
жағынан шағын болып келеді де, өте ұзақ, ғасырлар бойына өмір сүреді. 
Сөздік құрам тілдің даму дәрежесін көрсетеді. Тілдегі сөздердің бәрі қосылып 
сөздік құрам деген түсінікті құрайды. Тілде жеке сөздер неғұрлым көп болса
тіл де солғұрлым бай, дамыған болады.



Сөздік құрам, жеке алғанда, тіл деген түсінікті бере алмайды. Ол тіл болу 
үшін керекті материал ретінде ғана жұмсалады. 
 
Тілдегі сөздер, яғни сөздік 
құрам, өзара байланысып, грамматиканың қарамағына түскенде ғана тіл деген 
түсінікті құрай алады. Грамматика сөздердің өзгеруі және сөздердің сөйлемде 
тіркесуі туралы ережелердің жинағы болып табылады. 
Тіл деген түсінікті құрайтын негізгі сөздік қор мен оның грамматикалық 
қүрылысы кенет өзгерістерге ұшырамай, ұзақ дәуірлер бойында сақталып, өте 
баяу дамиды. Тілдің грамматикалық құрылысы да өзгерістерге ұшырайды, 
жетіледі, өзінің жеке ережелерін жақсартып, анықтайды, жаңа ережелермен 
толығады. Бірақ ол өзгеріс, даму өте баяу болады. 
Тіл қоғамдағы еңбек процесін үйымдастырудың, қарым-қатынас 
жасаудың, пікір алысудың, түсінісудің құралы ретінде қоғам мүшелеріне
бірдей ортақ, жалпы халықтық болып келеді. Өзінің даму дәрежесіне қарай 
тіл р у т і л і, т а й п а т і л і, х а л ы қ т і л і, ұ л т т і л і болып бөлінеді. 
Бұлардың бір-бірінен құрылымы жағынан айтарлықтай және принципті
өзгешелігі болмайды. Өйткені олардың қайсысы болса да қоғам мүшелеріне
қызмет етеді. 
Белгілі халықтың тарихи дамуында: 1) тілдің тұтастығы, 2) террито- 
рияның тұтастығы, 3) экономикалық тұрмыстың тұтастығы және 4) мәдениет 
тұтастығынан көрінетін п с и х о л о г и я л ы қ п і ш і н н і ң т ұ т а с т ы ғ ы
тегіс табылса ғана, ол халық ұ л т деген дәрежеге жетеді. 
Ұлт тілдерінің құрылуы мен дамуы сол тілдерді қолданушы ұлттардың 
құрылуы және дамуы тарихымен тікелей байланысты 
 
балады. 
Қазіргі кезде, соңғы деректер бойынша, дүние жүзінің халықтары бір-
бірімен күнделікті жиі қолданылатын 651 тілде қарым – қатынас жасайды. Бұл 
тілдердің алтауы дүниежүзілік ресми тіл деп есептеледі. Ол қытай тілі, 
ағылшын тілі, орыс тілі, испан тілі, француз тілі және араб тілі.
Тіл білімі дүние жүзіндегі барлық тілдерді т у ы с т ы ғ ы м е н ш ы ғ у т е 
г і , д а м у ж а ғ д а й л а р ы н ы ң о р т а қ т ы ғ ы н а қарай
(генеологиялық сұрыптау бойынша) ірі-ірі 60 шақты тілдік семьяға топтаса, 
сол тілдерді қ ұ р ы л ы м ы м е н қ ұ р ы л ы с ы н а қарай ( типологиялық 
сұрыптау бойынша) ірі-ірі төрт типке бөледі. Қазақ тілі алтай тілдік 
семьясының түркі тобына, қыпшақ тармағына жатады. Типі жағынан а г г л ю 
т и н а т и в т і (жалғамалы) т і л . Алтай тілдік семьясынан тараған, қазақ 
тіліне жақын туыстас тілдер: өзбек тілі, азербайжан тілі, қырғыз тілі түрікмен 
тілі, алтай тілі, балқар тілі, башқұрт тілі, гагауыз тілі, қарайым тілі, қарақалпақ 
тілі, қарашай тілі, құмық тілі, ноғай тілі, тофа тілі, татар тілі, қырым 
татарларының тілі, түрік тілі, ұйғыр тілі, хакас тілі, чуваш тілі, шор тілі, якут 
тілі, қырымшақ тілі, тува тілі, долған тілі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет