Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет246/406
Дата21.10.2023
өлшемі3,22 Mb.
#120381
түріОқулық
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   406
Тақырып бойынша сұрақтар: 
 
1)
 
Үстеулер қандай мағыналық топтарға бөлінеді ? 
2)
 
Мезгіл үстеулері нені білдіреді ? Мезгіл үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 


3)
 
Мекен үстеулері нені білдіреді? Мекен үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
4)
 
Мөлшерлік үстеулер нені білдіреді? Мөлшерлік үстеулерге қандай сөздер 
жатады ? 
5)
 
Сын-қимыл үстеулері нені білдіреді? Сын-қимыл үстеулеріне қандай 
сөздер жатады? 
6)
 
Мақсат үстеулері нені білдіреді? Мақсат үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
7)
 
Себеп-салдар үстеулері нені білдіреді? Себеп -салдар үстеулеріне қандай 
сөздер жатады? 
8)
 
Топтау үстеулері нені білдіреді? Топтаул үстеулеріне қандай сөздер 
жатады? 
9)
 
Күшейткіш үстеулерге қандай сөздер жатады? Топтау үстеулері іс, 
қимыл, әрекетті қалай көрсетеді? 
10)
 
Үстеулер сөйлемде негізінен қандай сөйлем мүшесінің қызметін 
атқарады? 
 
133- жаттығу.
 
Мына сөйлемдерді көшіріп, үстеулердің
астын сызыңдар. Оларды 
мағыналық түріне қарай ажыратыңдар

1). Ертең олардың жатаханасына барып, өз алдына әңгімелесерміз. (Қ.әд)
2) - Шүкір , сегіз жүз саулықты жасына , тұқымына қарай өңкей егізден 
табатынын іріктеп кеттім,- деп, Қайрекең миығынан күліп , қомақталып алды 
. (Ғ.С) 3) Әдейі өзіміздің жақтың әндерін салдым . 4) - Советский солдат , 
содан сақ болыңдар деген Хожа Насреддин , - деп жартысын орысша. , 
жартысын өзбекше сөйлеп, Самед ағай да мені қытықтап қояды (Ғ.Мүсір). 
5) Бүгін ғана емес , бұл сөзді ол көптен бері мәтел етіп алған-ды. 6)
Оспанмен оңаша сөйлесті. 7) Бір бұралқы сөзді әнеугүні естіп ем .
8) Ендеше дәл осы Оразбайға істеген істі мен сені сынау үшін істедім
(М. Ә.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   406




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет