Сабақ 5 Тақырып: Іздестірудің жалпы мақсаттары. Кенорындардың іздестіру алғышарттары
Жалпы түсінік.
Іздеу– жұмыстардың жиынтығы, ПҚ-дың перспективтілігін бағалау мен табуына бағытталған.
Іздеудің мақсаты: кендерді табу. Масштаб 1:50000 – 1:25000.
Осы жұмыстар бер геологиялық аймаққа тән ПҚ болашағын бағалауға бағытталған. Табылған ПҚ көздері сынамаланып жүйеленеді. Болашағы бойынша болжамдық ресурсарын Р2 категориясы бойынша бағаланады.
Іздеу жұмысы әр түрлі техникалық құралдар көмегімен іске асырылады. Іздеу жұмысының мәліметтері бойынша баянама жасалады, геолог мәні бағаланады. Жақсы зерттенген участкелерінде болжамдық ресурстар Р1 категориясы бойынша бағаланады.
Іздестіру бағалау жұмысы болашағы бар аудандарда қайыпазды іздеу барлау жұмыстарының мәліметтері бойынша С2 категориясының қорпары және кейбір бөліктерінде Р1 категориясы бойынша болжамдық ресурстар бағаланады.
Іздестіру сілтемелері (алғышарттар)
Іздеу сілтемелері - бұл белгілі бір аумақта түрлі ПҚды тура немесе жанама түрде табудың мүмкіндіктерін көрсететін геологиялық факторлар.
Сілтемелер келесі түрлерге ажыратылады: Климаттық;
Климаттық жағдайлары мен минерал түзілу үрдістердің байланысына көрсетеді және үлкен аумақтарда шөгінді пайда болуы мен жиналудың ерекшіліктерімен ажыратылады.
Ылғалды климат аймақтары (гумидті) – алтын, платина, алмас шашыранды кенорныдары пайда болуына жағдайлы; кейбір ауыр металлдарға және боксит, каолин, темірлі, марганецті кендер мен көмірлерге де жағдайлы болып келеді.
Құрғақ климат аймақтарында (аридті) – келесі шөгінді кендердің пайда болуын болжауға болады: мыс, қалайы, мырыш, гипс, галит, калийлі тұздары, флюорит, бораттар, бром.
Стратиграфиялық сілтемелер -
Көмір, жанғыш жіктастар, тұздар, фосфориттер, темір, марганец ПҚ-рындай шөгінді кенорныдарға ерекше маңыздылығы бар. Осындай кенорныдардың пайда болуы шөгінді жиналуымен бірге болды, сондықтан, олар белгілі бір стратиграфиялық қиманың бөлімшелерімен байланысты. Мысалы:темір қорлардың 90% астам кембрийге дейінгі уақытта жүрген үрдістермен байланысты. Көмір жиналуында төрт кезеңді ажыратады – таскөмірлік, перьмдік, юра мен палеогендік. Кузбаста тас көмір кенорныдары тек перьм жүйедегі түзілімдермен байланысты, ал Орта Азия аумақтарында өнеркәсіптік тас көмір кенорныдары тек юра жүйедегі жыныстарында белгілі.
Таскелбетті-литологиялық сілтемелер –
Кейбір кенорныдардың белгілі бір таскелбеттермен немесе тау жыныстардың түрлерімен байланысы туралы болжауна негізделген.
Осындай сілтемелер темір мен марганец кенді горизонттарын және олар мен байланған опокалар, спонголиттерді, яшмаларды анықтау кезінде қолданады.
Теңіздік таскелбеттердің темір кен тақташалары оолиттерден, органикалық қалдықтардан және цементтен (цемент құрамында кездеседі гематит, шамозит, сидерит) құралған.
Марганецті оолитті кендер өнеркәсіптік құндылыққа ие. (Чиатура, Никополь).
Көбінесе боксит кенорныдары үгілу қыртысына негізделген, олар граниттер мен сиениттерде дамыған.
Силикатті никель кендері асанегізгі жыныстар үгілу қыртыстарында астасады.
Көмірлі түзілімдер көбінесе жінішке түйірпекті терригенді материалдардан тұрады. Аумақтардың көмірлігін бағалаған кезде жағымсыз факторы қимада ірітүйіртпекті қабаттардың (жұмыртастар –конгломераты) кездесу болады.
Мұнай көбінесе жақсы кеуекті жыныстарда кездеседі, олар өз кеуек-құыстарында мұнайды (немесе басқа флюидттерді) жинау қабілеттерге ие. Осындай жыныстарға құм, кеуекті құмтастар, ұраларлы (кавернозные) ізбестар.
Эндогенді кенденуідің (оруденения) іздеу үшін карбонатты жыныстар мен скарндар маңызды болып келеді және олармен көптеген темірлі, мысты, вольфрамды, молибдонитті, қалайы, қорғасынды-мырышты және басқа кендер байланысты.
Карбонатты жыныстарда флюорит пен боксит кенорындары байқалады.
Жанартаулы-шөгінді жыныстармен полиметаллды кенорындар байланысты (Алтай); листвениттармен – сынап рудалануы (Калифорния, Орта Азия); терригенді құмды-жіктасты жыныстармен – қалайы, қалайы-вольфрамды кендер. Көбінесе барлық мусковит, флогопит, графит кенорындары метаморфты жіктастарда негізделген. Кварциттерде тау хрусталі негізделеді