Қазақ тілі мен әдебиеті Аралық бақылау Пән атауы: Қазақ тілінің тарихя мен жазуын оқыту Тақырыбы



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі72,07 Kb.
#90207
  1   2   3
Байланысты:
2- Аралық бақылау


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Филология институты
Қазақ тілі мен әдебиеті





Аралық бақылау


Пән атауы: Қазақ тілінің тарихя мен жазуын оқыту
Тақырыбы: 1- Тапсырма. Мәтіндегі түрлі пікірлерді туғызатын тұстарды (мәселені) анықтаңыздар, келісіп, келіспейтіндіктеріңізді негіздеңіздер.
2.-Тапсырма. Соңғы абзацтағы көп нүктені толтырыңыздар, сұраққа жауап беріп, мәтін түзіңіздер.
3-Тапсырма Көне түркі тілінде жазылған Орхон-Енесей ескерткіштерінің тіліне синтаксистік талдау жасаңыздар.


Орындаған: Әлімғожа Дастан
Тексерген: Косымова Гулбану

Алматы, 2023

Аралық бақылау – 2.


1.Тапсырма. Мәтіндегі түрлі пікірлерді туғызатын тұстарды (мәселені) анықтаңыздар, келісіп, келіспейтіндіктеріңізді негіздеңіздер.
Ертедегі түркі жазуы туралы ҮІ ғасырдағы көне жазбаларда «мола алдына өлген кісінің бейнесі салынған және өзі жүргізген соғыстары баяны жазылған тастар қояды, олардың жазулары, әрпі Ху халқының әрпіне ұқсас (Киселев С.В.)», «түркі жазуы ху халқының жазуын еске түсіреді (Кляшторный С.Г.)» деген еді. Бұл жазудың Алтай түркілеріне келу тарихы Хун ордасы құлап, оның ұрпақтары «түркі» атанып, қайта күшейгенге дейінгі ІІ –Ү ғасыр арасындағы белгісіз тарих сияқты өте күңгірт. Ертедегі Түркілердің жазбаға түскен аңызында мынандай қызғылықты дерек бар: Ел хан Тумынға дейінгі аты мәлім түркі билеушілері Надул шад, Ақхан шад деп аталады. Екеуінде де соғдыларға тән «шад» деген билік, атақ кездеседі. Шамамен осы билік-дәреже атауы сияқты жазуды да Ертедегі Түркілер сол Ү-ҮІ ғасырға дейінгі күңгірт дәуірде жасаған болса керек. Руна жазуын Ертедегі Түркілерге өліні сөйлету сияқты наным-сенім әкелді ме, болмаса көршілес халықтармен болған саяси-мәдени қарым-қатынас әсер етті ме – ол өз алдына шешімін табар жай. Бірақ, қалай дегенде де, Ертедегі Түркі руна жазуларының көбі қайтыс болған кісілердің басына қойылған құлпы тастағы жазулар боп келеді. Түркілер бұл ескерткіш жазуларды «бітіг таш» деп атаған. Сөйтіп, Ертедегі түркілер Ү-ҮІ ғасырда өзіне ғана тән алфавиттік жүйесі мен жазу емлесі бар руна жазуын дүниеге әкелді. Жазу сияқты мәдениеттің ұлы қазынасын жаратты. Бұл жазумен оның кейінгі ҮІІІ ғасырдағы ұрпақтары Түрік қағанатының ҮІ- ҮІІІ ғасыр арасындағы тарихын қысқаша баяндаған тарихи шежірелерді туғызды.
Берілген мәтіндегі пікірлермен келісемін, себебі көне түркі дәуірінен, оның ішінде V-X ғасырлардан, бізге мынадай жәдігерліктер жеткені мәлім:
V ғасырға жататын руна (сына) жазулы Талас-Енисей ескерткіштері: құлпытастардағы эпитафиялар, олар – 1-2 сөй- лемнен 5-6 сөйлем көлемінде айтылған тарих;
VIII ғасырға жататын руна жазулы Орхон ескерткіш- тері: құлпытасқа қашалып сызылған (жазылған) түркі тайпа- ларының сол дәуірдегі атақты қағандары мен батырлары: Білге қаған, Елтеріс қаған, Күлтегін, Тонықұқтар туралы тарихи шежірелер;
VIII-X ғасырлардағы ұйғыр жазулы жору, аян айту, діни аңыз түріндегі ескерткіштер (жазбалар).
Зерттеушілердің көбі қазақ халқының өзге түркі халық- тарымен ортақ тарихының басы VI-IX ғасырларда өмір сүрген Түрік қағанаты дәуірінен, яғни VI ғасырдың ортасында гун державасының қираған жұртында қалған ру-тайпалардың дербес мемлекет құрған кезеңінен басталады деп санайды. Ал Түрік қағанатында, жоғарыда көрсетілгендей, жазба әдебиет, поэтикалық сөз үлгісі, яғни әдеби тілі болған. Зерттеуші Қ.Өмірәлиев өте дұрыс танығандай, түркілердің V-VIII ғасыр- лардағы көркемсөз үлгісі – түркі поэзиясының, әдеби тілінің туу басы емес, тарихи белгілі кезеңінің ғана басы, яғни түркілердің ауызша поэзиясы: тұрмыс-салт жырлары, жоқтау өлең айту салты, дидактикалық, шешендік толғаулар, мақалмәтелдер өте арғы дәуірлерде жасалған[1] . XI ғасырда Махмұд Қашғари келтірген «Алп Ер Тоңа өлді му?» деген өлең – VII ғасырдан арғы жерден келіп жеткен жоқтау өлең үлгісі.
Демек, басын VI-VIII ғасырлардан көп бұрын алған сына жазулы Орхон-Енисей-Талас жәдігерліктерінің тілі – V-VIII ғасырларда Жетісу, Алтай, Орталық Азияда өмір сүрген оғұз, қыпшақ, ұйғыр, қарлұқ т.т. тайпалардың ортақ жазба тілі болды. Бұл ескерткіштердің тілі бірнеше дәуірлік тарихы бар жасанды жазба тіл деген де (Э.Р.Тенишев), ауызекі баяндау стиліне жуықтайтын жылнамалық (шежіре іспеттес) эпостар тілі деген де (Ә.Қоңыратбаев), эпитафиялық проза тілінің үлгісі деген де (ГІ.М.Мелиоранский, Қ.Өмірәлиев, Е.Жұбанов), VI-VIII ғасырлардағы түркі поэзиясының үлгісі деген де (Ф.Е.Корш, И.В.Стеблева) пікірлер жарыса орын алып келеді. Қайткен күнде де Орхон және Енисей жазбалары – әдеби тілдік дүниеліктер, өйткені бұлардың тілінде белгілі бір нормалар, дәстүрлі үрдістер бары – даусыз.
Орхон-Енисей жазба белгілері бар балбал тастар ең алғаш рет XVII ғасырдың соң кезінен бастап Сібірді зерттеушілердің көзіне түсті. XIX ғасырдың II жартысында Монғолия жерінен, Орхон бассейнінен, Якутияның оңтүстігінен тасқа жазылған жазулар көптеп табыла бастады. Олардағы жазуды танып, тұңғыш оқығандар жайында, тастағы жазулардың мазмұны, тілі, стилі жөнінде В.В.Радлов, С.Е.Малов, П.М.Мелиоранский, В.Котвич, Г.Рамстедт, А.Габендерден бастап шетел және орыс ғылымында соңғы жүз жылдың ішінде орасан көп айтылып, зерттеліп, жазылып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет