Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика. Жоспары



бет100/124
Дата24.05.2023
өлшемі0,65 Mb.
#96333
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
Тақырыбы: Мұғалім даярлау жүйесіндегі педагогикалық практика.
Жоспары:
1.Педагогикалық практиканың мақсат-міндеттері
2.Практикант студенттердің атқаруға міндетті оқу-тәрбиелік шаралары
1. Педагогикадағы жобалау тәсілі.
2. Жобалау әдісінің инновациялық ерекшеліктері.
Мақсаты: Дәстүрлі сабақтарда қолданылатын әдіс-тәсілдер,мұғалімнің шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыра білуі керек жұмыс түрлері туралы әңгімелеу.
Тексеру сұрақтары:
1. Педагогикалық практиканың маңызы не?
2. Мұғалімнің шығармашылық еркіндігі дегенді қалай түсінесіз?
3. Жобалау әдісі дегеніміз не?
4. Жобалау әдісінің типологиясы қандай белгілерден тұрады?
5. Инновациялық ерекшеліктері қандай?
Глоссарий:
Зерттеушілік жобалары - нақты құрылымды, нақты мақсаттарды, зерттеу пәнінің өзектілігін, әлеуметтік маңызын, әдістерді, соның ішінде тәжірибелік әдістерді, нәтижелерді қорытындылау әдістерін талап етеді.
Шығармашылық жоба - нәтижесі газет, шығарма, видеофильм, драмалық көрініс, мақала, репортаж, альманах, альбом, т.б. түрде жүзеге асырылады.
Рөлдік ойындық жобалар - қатысушылар жобаның мазмұнына қажетті рольдерде ойнай отырып, жобаның мақсатына жетуді көздейді.
Таныстыру (ақпараттық) жобасы - белгілі бір объект, құбылыс туралы ақпарат жинауға бағытталады.
Қолданбалы жобалар - қатысушылардың әлеуметтік мүдделеріне сай жүзеге асырылады.
Жеке жоба - бір пәннің аясында жүргізіледі. Бұл ретте күрделі тараулар немесе тақырыптар алынады.
Пәнаралық жобалар - сабақтан тыс уақытта орындалады, бұл екі-үш пәннің проблемасын қамтитын немесе жалпы университеттік көлемді, ұзақ уақытқа созылатын жобалар болып табылады
Сызбалар, тапсырмалар, ситуациялар: Жобалау әдісіне байланысты пікір-пайымдарды топтастырып, эссе жазу.
Интерактивті әдіс: «КЛАСТЕР» ӘДІСІ
Түрі: практикалық сабақ
Формасы: Оқу бағдарламасын талдап үйрету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет