Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Дәріс-7. Драмалық шығармаларды оқыту



бет61/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Дәріс-7. Драмалық шығармаларды оқыту
Мақсаты-драмалық шығармалардың жанрлық ерекшелігіне тән заңдылықтармен таныстыру, көркемдік ерекшелігіне талдау жасау.
Жоспары:
1. Драмалық шығармалардың мәтінімен жүргізілетін жұмыс түрлері.
2.Драмалық шығармалардың көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасау жолдары..

Мектепте өтілетін көркем әдебиеттің бір саласы – драмалық шығармалар. Драмалық шығарманың ерекшелігі:



  • драмалық шығармада авторлық ой, мақсат, көзқарас көмескі. Ол әр кейіпкер сөзі, іс-әрекетінде өмір сүреді де, оқырман, көрерменнен ерекше ықылас қойып, мұқият тыңдауды, көруді, ойлауды талап етеді;

  • драмалық шығармада оқиғалар оқырман көз алдында жаңа өтіп жатқандай әсер қалдыруы керек;

  • өткір, шиеленісті тартыс, өмірдегі қарама-қарсылықтар – драманың негізгі арнасы;

  • дарамада қаһарман белгілі бір мақсат үшін күреседі, сол себепті оның күші іс-әрекет, қимыл арқылы көрінеді;

  • драмада қаһармандар іс-әрекеті әр жаққа шашырамай, бәрі бір жүйе, бір желі, бір арнада өрбіп дамиды.

Бұл жанрдың осы сияқты өзгешелік жақтары онымен істелетін жұмыстың өз алдына әдіс-амалдарын белгілеуді талап етеді.
Драмалық шығармаларды оқып-үйрену өзге салаларға қарағанда күрделі деп есептеледі. Драмалық шығармаларды талдау әдістемелері төмендегідей:
- Драмалық шығармаларды оқушыларға алдын-ала оқыту керек. Оқу барысында ақыл-кеңес, бағыт-бағдар беру міндетті түрде жүзеге асырылады. Ең негізгі, басты тартыстар, шиеленістерді көрсететін акт, суреттерге ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Оны мұғалім үлестірме-нұсқау арқылы да жүргізеді. Үлестірме тапсырмалармен қоса оқушыларды ойландыратын, іздендіретін сұрақтар беру де тиімді;
- Драмалық шығарманы талдау алдында оқушыларға әдеби-теориялық ұғым беру қажет. Ұғым екі кезеңнен тұруы керек. 1-кезең көркем туындыны бастау алдында беріледі, екінші кезең көркем туынды талданып біткен соң беріледі. 1-кезеңде кіріспе ұғымы беріледі. Мысалы, драмалық шығармалар, олардың түрлеріі, трагедия, комедия, пьеса, акт, көрініс, перде, сурет, ремарка, монолог, диалог, тартыс туралы алғашқы ұғым беріледі. Талдау барысында және соңында, яғни екінші кезеңде нақты мысалдар арқылы бұл теориялық ұғымдар тереңдете берілуі керек. Мысалы, монолог туралы кіріспе ұғымда ол кейіпкер сөзі екендігі, драмалық шығармада монологке ерекше мән берілетіні айтылса, екінші кезеңде осы монологтердің драмада атқарып тұрған маңызы, орны ашылуы керек.
Драмалық шығарманы оқытудың басты мақсатының бірі – оның табиғатын, әдебиеттің басқа жанрларынан өзіндік ерекшелігін таныту. Осы мақсатта, «Қозы Көрпеш» лиро-эпикалыық жырын «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» трагедиясымен салыстырудың маңызы зор. Салыстыру сұрақтары алдын-ала үйге беріледі. Оқушылардың ойлануына жағдай жасалады. Салыстыру жұмыстары арқылы жыр мен драманың айырмашылығын ажырату, аңдату жүзеге асырылады;
- Талдауды драмалық шығармаларды күйтабақтан(қазіргі жағдайда интерактивті тақтадан) тыңдау немесе содан көрініс көрсетуден бастаудың маңызы зор. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында драманың жазылу тарихы, оны ойнаған артистер туралы әңгімелеу, туынды туралы әдебиетшілер, сыншылар пікірі жазылған көрнекіліктерді(интерактивті тақта арқылы да) пайдалану тиімді болмақ;
- Драмалық шығарманы талдуда мәтінге сүйену, үнемі соған арқа сүйеу қажет. Ең негізгі көрініс, актілерді, монолог, диалогтерді бөліп алып, солар бойынша жұмыс істеу керек;
- Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі оқу, рольге бөліп оқуға ерекше назар аударылады;
- Драмалық шығарманы талдау барысында жиі-жиі оқушыларға қозғау салып, олардың қиялына, ойына еркі беріп отыру қажет;
- Кейіпкерлер монологін, диалогін үнтаспадан(мәнерлеп оқылған) тыңдау, қабілетті оқушыларды алдын ала әзірлеп, жатқа айтқызудың өзіндік орны бар.
Драмалық шығармаларды оқытудың жолдары көп. Ол - әр мұғалімнің ізденісі, шеберлігіне де байланысты шығармашылық жұмыс. Дегенмен, оның өзіне тән оқыту әдістері, сабақ түрелі болады. Концерт-сабақтар, композициялық сабақтар түрі – дараманы өтудегі тиімді сабақ түрлеріне жатады.
Тапсырма: 1.Драмалық шығармалардың ерекшелігін (тақырып, кейіпкер бейнесі, тартыс сипаты) шығарма талдау арқылы дәлелдеңіз

2. Шағын пьеса, инсценировка, драма тілі мәселесіне талдау жасаңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет