Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет64/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124
Негізгі әдебиет: 1.[1.7:5]; 2.[1.7:6]; 3.[1.7:12]; 4.[1.7:15]; 5.[1.7:16]; 6.[1.7:17]; 7.[1.7:18]; 8.[1.7:19]
Қосымша әдебиет: 1.[1.7:14]; 2.[1.7:16]


Дәріс-9.Көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияларды пайдалану.
Мақсаты- оқу-тәрбие үдерісіндегі технологияландырудың маңызы мен түрлерін меңгерту.
Жоспары:
1. Дамыта оқыту технологиясы.
2. Модульдік оқыту техноло-гиясы
3. Деңгейлік оқыту техноло-гиясы.
4. Ақпараттандыру,компьютер-лік тенология.
5. Оқытудың жобалау теноло-гиясы.
Дамыта оқыту – бұл оқу үрдісінде оқушының барлық мүмкіндігінің толық іске асуына негіз болатын бағдарлы оқыту болып табылады. Дамыта оқыту теориясы Г.Пестолоцкий, А.Дистервек, К.Ушинскийден басталады. Бұл теорияны алғаш ғылыми негізде дәйектеген Л.С.Выготский болса, кейіннен Л.В.Занков, В.В.Эльконин, В.В.Давыдов, И.А.Менчинский т.б. тәжірибелік-эксперименттерінде әрі қарай жалғасын тапты. Л.В.Занковтың дамыта оқыту технологиясы тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған. Бұл технологиярың 1986 жылы Ресейде озық технология деп жариялануы, оқыту барысында бүкіл әдіскер-мұғалімдердің назарын аударды.
Дамыта оқыту мәселесі дидактиканың негізгі талабы ретінде ертеден-ақ зерттеуші ғалымдар назарында болып келеді. Дамыту мақсатында шәкіртті ойландыру,іздендіруді мұғалім үнемі алдына қою керектігін, соған орай әдіс-тәсілді тиімді пайдаланудың жолдарын табу қажеттігін кезінді Ә.Қоңыратбаев, А.Көшімбаев, Т.Ақшолақов сияқты ғалымдар нақты дәлеледеп көрсете білді. Академик Л.В. Занковтың «Оқыту үрдісі шәкірттерді алға бастыру мақсаттарына орай құрылуға тиіс»,- деуінің мәні ерекше, мұның өзі ұстаздардан шығармашылықпен ізденуді талап етеді. «Әдебиетті дамыта оқыту алдымен программалық материалды терең берік беруді қажет етеді, бүгінгі дамыта оқыту принципі проблемалық оқытусыз мүмкін емес»,- деген әдіскер ғалым Т.Ақшолақов. Ғалым зерттеуші М.И.Махмутовтың «Егер проблемалық оқыту заңдылықтары проблемалық ұстаным, проблемалық жағдай т.б. қолданылмаса, ондай оқыту дамыта оқыту болып саналмайды»,- деген пікірі бар.
Дамыта оқыту тұлғаның барлық қасиетін тұтас бірлікте дамытуға негізделген. Осылай оқытудың барысында оқушылардың ойлау, байқампаздық қабілеті жетіледі. Ашық пікір қорғауға талпынады., мәтіндегі басты ойды түсінуге, талдауға ұмтылады, өзін-өзі бағалай білуде пікір түрде алмастыра алады. Тұлғаның өзіндік үні «менің ойымша», «егер мен болсам», т.б. түрде қалыптасады. Мұның өзі оқушыны ойландырады, тақырыпты терең түсніп, мән-мағынасын ашуға қызығады, өз бетінше жұмыс істеуге ұмтылады, өзіне деген сенімі артады, шығармашылық қабілеті дамиды.
Бүгінде дамыта отырып оқыту үрдісін қамтамасыз ету үшін оқушылардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіріп шыңдауда М.Жұмабаевтың баланың ойын ұсштауға байланысьты айтқан қағидаларының мәні зор. «Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, оның бөлімдерін, мөлшерін білеміз»,- деп бала сезіміне жол табу керектігін баса назар аударады. Ж.Аймауытов: « Өзі ойлап таппаған білім жан қуаттарын жетілдіре алмайды»,-десе, М.Жұмабаев: «Тегінде берік ұғу керек, адамның берік нәрсесесі де, жұмбақ нәрсесі де сол жан. Қиын тәрбие тілейтін де сол жан»,- деген.
Дамыта оқыту барысында тынымдық-зерттеушілк әдіс жандана түседі. Мәтінді оқып, жете түсіну, ойлау шығармашылық ізденіске жетелейді. Бұл білімді өз бетінше ізденуге жол ашады. Түсіну – ойлау әрекетінің өзіндік жемісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет