Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет60/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Мемуарлық роман. Автор өзі көріп-білген жайларды әр түрлі адамдардың әрекетін анықтап, айғақтап айтады. Ол өмірбаян түрінде, күнделік түрінде, жолжазбалар түрінде кездеседі. Қандай үлгіде жазылса да, әдеби шығарма жай естелік болып қалмайды. Естелік немесе өмірбаян күнделік түрлерін пайдалану көркемдік тәсіл ретінде қолданылады. Шығарманың өмірдегі болған оқиғаларға, нақты деректерге сүйеніп жазылғанын көрсетеді. Сонымен бірге мемуарлық көркем шығармаларда белгілі тарихи кезеңнің айтарлықтай мәні бар оқиғалары іріктеліп алынып, жинақталып бейнеленеді. Жазушы өзі көрген, білген оқиғаларды әр түрлі адамдардың мінезін, іс-әрекетін, сол кездегі алған әсерін сақтай отырып, сондағы көңіл-күй әуенімен суреттейді [3]. «Ай мен Айша» - мемуарлық роман.
Символдық образ - әдебиетте ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне. Жалпы халықтық тілде кездесетін символда бір нәрсені өз қалпынан басқаша сипатта көрсетіп, сондай-ақ нақтылы бір затты, нәрсені екінші нәрсенің, не ұғымның жай баламасы ретінде алу арқылы жасалады. Мысалы, гүл – жастықтың символы, ал көгершін бейбітшілік символы ретінде алынады. Бұл жағынан символ тұспалдауға (аллегорияға) өте жақын келеді. Түлкі бейнесі арқылы қулықты, қу адамды, қоян бейнесі арқылы қорқақтықты, қорқақ адамды тұспалдап айтуға болады. Ал әдебиеттегі, поэзиядағы символ көбінесе келістіріп жасалған, астарлық мағынасы терең, бүтін бір сурет-бейне қалпында көрінеді. Мысалы, Лермонтов шебер суреттеген желкен, желкенді қайық осындай көркем сурет-бейне. Лермонтов та, орыс ақынының өлеңін асқан шеберлікпен аударған Абай да тек тұманды теңіз төрінде дауыл тілеп жүрген жалғыз қайықты бейнелейді. Сол арқылы тынымсыз ізденгіш адамның бейнесі, ол туралы ештеңе айтылмаса да, көз алдымызға еріксіз елестейді. Өйткені сол қайықтың бейнесі ізденгіш символы, балама бейнесі болып шығады. Әдебиетте символ әрине, ылғи тұтас суреттеме қалпында ғана кездеспейді, оның қарапайым түрлері де қолданыла береді. Бұл жағынан алғанда символ мен тұспалдау өте жақын болатынын көреміз. Кең мағынасында астарлы мағына беретін метафора, теңеу сияқты салыстырулардың көбінде символдық та мән болатынын байқау қиын емес[3]. «Ай мен Айша» романындағы символдар – жартыкеш Ай, қасқыр, ине.
Хикая – шығыс-түркі әдебиеттерінде әңгіме, новелла мағынасында қолданылатын әдеби термин. Хикая – повесть пен романнан бұрын пайда болған жанр. Хикая желісі шытырман сюжетке құрылады. Авторлары белгісіз, ауызша тарап, фольклорлық сипат алған хикаялар да бар. Хикаяның өлеңмен жазылған түрі «хикаят» делінеді [3].Мысалы, «Хикаят дастан Хатымтай» т.б. «Ай мен Айша» романы 76 хикаядан тұрады.
Қорыта айтқанда оқытудың жаңа инновациялық, интерактивтік тәсілдері оқытудың ұжымдық түрін сақтай отырып, студенттердің танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді және ғылыми еңбектерді оқудың, конспектілеудің, теориялық білімді практикада пайдаланудың, өз бетінше ізденуге ықпал ететін бірден-бір тиімді тәсілдің бірі. Бұл тәсілдер – кредиттік оқу жүйесіндегі дидактикалық материалдарды өз бетінше орындауға бағытталған өзіндік танымға және ғылымның белгілі бір саласында білімін жетілдіруге, сондай-ақ логикалық ойлауға шығармашылық белсенділікті дамытуға, студентті жеке тұлға ретінде қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет