Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Мақсаты: Көркем мәтінді талдау түрлері, талдау принциптерімен таныстыру. Тексеру сұрақтары



бет92/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Мақсаты: Көркем мәтінді талдау түрлері, талдау принциптерімен таныстыру.
Тексеру сұрақтары:
1. Дәстүрлі және дәстүрден тыс сабақтар дегеніміз не?
2. Эпикалық шығармаларды оқытудың ерекшелігі неде?
3. Лирикалық шығармаларды оқытудың күрделілігін түсіндіріңіз?
4. Драмалық шығармалардың жанрлық табиғатына сай оқыту жолдарын айтыңыз?
Глоссарий:
Әдебиет теориясы - әдеби шығармашылығының табиғаты мен қоғамдық қызметін зерттейтін және оны талдаудың методологиясы мен методикасын айқындайтын әдебиет жөніндегі ғылымның негізгі салаларының бірі.
Бейнелеу құралдары - әдебиетте көбінесе бұл ұғым сөз қолдану тәсілдері, бейнелі сөздер, мысалы, жалпы түрде құбылту деп аталатын метафора, метонимия, әсірелеу, тұспалдау, астарлау, теңеу, эпитет және стильдік айшықтар, дыбыстық қайталамалар деген мағынада қолданылады.
Дидактикалық әдебиет (грек тілінен үлгілі, өнегелі, ғибратты) ғылыми-танымдық сипатта түзілген көркем шығармалар
Драма (грек тілінен қимыл-әрекет) - сахнаға арналған уақиғаны, оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығармалар.
Ерікті өлең – қалыптасқан өлең өлшемін берік сақтамай, тармақтардың ырғағын еркін өрнектейтін өлең түрі
Жыр – қазақ халық поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жырлар, эпостық ғашықтық жырлар)
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы
Кейіптеу (олицетворение) - әр түрлі табиғат құбылыстарына, жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп немесе қалайда жан бітіргендей етіп суреттейтін көркемдік тәсіл
Лирика – көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі, басты ерекшелігі – адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікелей бейнелеп көрсетеді.
Меңзеу (синекдоха) – аз бен көпті, үлкен мен кішіні ауыстырып, немесе, бүтіннің орнына бөлшекті айту, жекше ұғымның орнына көпше ұғымды алу, алмастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет