Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет109/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Қалыптастырушы бағалау мұғалімдерді, оқушыларды және педагогикалық үдерістің басқа да қатысушыларын оқуды жетілдіру үшін қажет ақпаратпен қамтамасыз ететін оқудың ағымдағы бағалануы (нәтижесі баға ретінде тіркелмейді). Қалыптастырушы бағалау сыныптағы күнделікті жұмыс барысында жүзеге асырылып, оқушының ағымдағы оқу үлгерімінің көрсеткіші болып табылады. Оқушы мен мұғалім арасында кері байланысты қамтамасыз етіп, оқу үдерісіне уақтылы өзгеріс енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Қысқа мерзімді жоспар мұғалімнің күнделікті оқытатын сабақтарының сызбасы (сабақ жоспары). Сабақ жоспарында ненің зерделенетіні, оған қалай көмектесуге болатыны, сондай-ақ оқуды қалай саралауға болатыны туралы барынша егжей-тегжейлі ақпарат ұсынылады.
Метатану «таным туралы таным» деп анықталады және өзінің ойлау қабілеттерін түйсінудің айрықша түрі. Мысалы, метатануға оқушылардың өзіндік оқу және проблемаларды шешу стратегияларын түйсінуі жатады.
Оқу бағдарламасы оқу пәні бойынша міндетті түрде меңгерілуі керек білімдер мен дағдылардың мазмұны және көлемі, сонымен қатар, олардың тақырыптар, тараулар мен оқу кезеңдеріне бөлінуі көрсетілген құжат. Белгілі бір білім беру саласына қатысты мемлекеттік білім беру стандартының талаптары негізінде әзірленеді.
Оқу жоспары белгілі бір пән және сынып бойынша мұғалімдерге арнап әзірленетін құжат. Оқу жоспары белгілі бір аясында осы пән бойынша қамтылатын материалдардың барлығын қамтиды және онда бұл материалдарды қандай ретпен оқытуға және оқуға болатыны ұсынылады.
Оқу мақсаты оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқушының оқу барысында меңгерген білім, түсінік, дағды жетістіктері бойынша күтілетін нәтижелерден құралған тұжырым.
Оқылым дағдысы көптеген факторлар арқылы анықталатын және бастапқы жетістікке жетіп, одан кейінгі оқуын соған негіздеу үшін ерте кезден оқыт арқылы белгілі бір дағдыларды дамытуды қажет ететін оқылым қабілеттері.
Орта мерзімді жоспарлау белгілі бір уақыт аралығында іске асырылатын жұмыстың жеке бөліктерін жоспарлау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет