Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет51/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

3.2.«Ер Төстік ертегісін» оқыту

Ертегілер 5-9 сынаптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болмысын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Балаларды тартатын – оның қиял-ғажайып оқиғалары, бас кейіпкерлердің басынан кешетін небір қызықты істері, батырлығы, жүректілігі сияқты қасиеттері. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.



  • Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту.

  • Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;

  • Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғалардың қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы , тарихи тіл екендігі.

  • Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі. Қай ертегі болмасын, халық арманына, тілегіне сай, тек жақсылықпен, бақытқа жетумен аяқталады.

Сабақ үлгісі:
Сабақтың тақырыбы: «Ер Төстік» ертегісі.
Сабақтың білімділік мақсаты: Ертегіні оқыту, мазмұнын терең меңгерту, ертегі негізіндегі идея, айтайын деген терең ой туралы талдау жұмыстарын жүргізу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, эстетикалық тәрбие бере отырып, елді сүюге баулу.
Дамытушылық мақсаты: Ертегіні оқу, талдау арқылы оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыру,шығарманы өз беттерімен талдауға баулу, пікір айта білу дағдыларын қалыптастыру, өмірмен байланыстара білуге икемдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Мәтін,сызба- таблица, мультимедия
Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ –жауап, көрнекілік, салыстыру-зерттеу, ішінара зерттеу әдісі т.б.
Сабақтың барысы:
1Ұйымдастыру кезеңі. (1-2 минут)
2. Өткен сабақты сұрау.
3. Өткен сабақты қорыту.
4. Жаңа сабақ.
Әдіскер ғалым Ә.Қоңыратбаевтың әдістемесі бойынша «Ер Төстік» ертегісін күнілгері оқуға береміз.Мәтінмен таныс оқушылармен алдымен кіріспе әңгіме жүргіземіз. Кіріспе әңгімеде сұрақ-жауап әдісі негізінде Ертегі туралы ұғымдары жаңғыртып, төменгі сыныпта өткен ертегілерін еске түсіреміз.
- Оқушылар төменгі сыныптарда қандай ертегімен таныстыңдар?

  • «Керқұла атты Кендебай», «Алтын сақа», «Қырық өтірік», «Алтын балық», «Аяз би» ертегілерін өттік.

  • Олай болса, ертегі қалай басталады екен, оның өзіндік ерекшеліктерін саралап айтып беріңдерші:

  • Ертегі «ерте,ерте ертеде» деп басталады және ертегінің бас қаһарманы ертегі соңында мақсат-мұратына жетеді. Ертегі - фольклорлық шығарма.

  • Ертегінің басты кейіпкері кемпір мен шалдың жалғыз баласы, немесе халық ортасынан шыққан тазша бала немесе жаман адам болып келеді.Ертегі барысында оның ақылды, батыр екені айтылады.

  • Ертегіде халықтың арман-мұраты көрініс табады. Ол қиыннан қиыстырылады.

  • Олай болса ертегіге қандай анықтама бере аласыңдар:

  • Ертегі дегеніміз – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанрының барлығына тән ерекшелік: бұлар бұрынғы өткенді қиялмен ұштастыра болжайды. Оқиғасы көркем әңгіме түрінде келіп, қара сөзбен де, өлең түрінде де беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет