Үлгі:Кейіпкерлеріне талдау. Ертегінің бас кейіпкері - Ер Төстік. Ерназардың сегіз ұлына қарсы қойылған, тумысынан ерекше. Елге жұт келгенде сегіз ұлы ата-анасын тастап кетсе, ол ата-анасына қамқор. Олардың зарығып күткен ұлы. Оның өсуі де ерекше.
Он бес құлаш торғын орамал – «Төстігім келгенде не өлгенде шешіл»
Құба інген –«Төстік келгенде не өлгенде ботала»
(фетешизм- сөздің магиялық күшіне сену).
Жер асты еліндегі ерекше батылдығы мен батырлығы,
Шыдамдылығы.
Ер Төстік образын толықтыратын бейнелер: Желаяқ, Таусоғар, Көргіш, Жарғаққұлақтар т.б.
«Ер серігі – жүйрік ат» Ер Төстіктің серігі – Шалқұйрық.
Шойынқұлақтың жаны – еліктердің ішінде болуы.
Шалқұйрыққа, самұрыққа тіл біту, яғни адамша сөйлеу
Құба інген – көшпелі өмір символы.
Шалқұйрық –ерге лайықты тұлпар.
Ақ сырмалы сауыт- ер сауыты.
Кенжекей – ертегінің басты қаһармандарының бірі, от басының ұйытқысы, жұбайлы өмірдің символы болған әйел.Ол- алдында қандай қауіп-қатердің барын күн-бұрын болжап білетін ақылгөй әйел. Ұзатылар кезінде әкесінен болашақ ері Төстік үшін үш қана бүйым сұрайды.Олар: көшпелі өмір символы – Құба інген, ер серігі – Шалқұйрық, батыр сауыты – ақсырмал. Кежекей үшін бұл үш бұйым бірде үміті, бірде мұңдасы. Кенжекей Ер Төстіктің асыл жары, ақылгөйі. Кежекейдің қауіпті жауы – Бекторы. Кежекей мен Бекторы арасындағы күрес - жамандық пен жақсылық арасындағы тартыс.
Ертегідегі Құба інген – Кенжекейдің мұңдасы.