Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені м6 kaoa 3302 -Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі/ Мамандық-6В01721 (5В011700) – «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет59/124
Дата03.05.2023
өлшемі0,83 Mb.
#89374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124
Байланысты:
keshen adisteme, 2022

Тақырып - әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оп-оңай сияқты көрінуі мүмкін, алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарау дұрыс болмайды. Тақырыпты бірнеше қырынан алып қарастыру кездеседі. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып - алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғалардың, суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбер-шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан алсақ, тақырып – ол шығарманың мазмұнының негізгі бір құрамды бөлшегі.Айтылған, суреттелген жайлардың қоғамдық өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Яғни, әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар өмірдегі алғашқы өз қалпында қалмайды, жазушының түсінігіне сәйкес, тиісті мән беріліп, көркемдік шешімін тапқан сурет - бейнелер маңызды мәселелер болып шығады. Сондықтан тақырыпты анықтағанда тек өмірдегі бар жағдайларды санамалап шығумен немесе жеке мәселелердің маңыздылығын көрсетумен іс бітпейді. Өйткені сол өмір құбылыстарының қай қырынан алынып, қалай бейнеленгенін, қаншалықты ұғымды, әсерлі көркемдік шешім тапқанын айқындаудың мәні зор. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін. Өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өзі-ақ жазушының мақсат-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді. Олар бір-бірімен кірігіп, біріне-бірі реңк беріп қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты. Көркемдік идеяда өз алдына бөлек оқшау тұрған нәрсе емес. Ол шығарманың өн бойындағы көркемдік шешімдерден өріліп шығады, солардан туындайтын қорытынды – түйін ретінде көрінеді [2]. Мысалы, Шерхан Мұртазаның «Ай мен Айша» романының тақырыбы – адамгершілік, ізгілік, қиындықты жеңе білу, елді, туған жерді сүю, қастерлеу.
Идея - әдебиет шығармасында өмірдегі жай-жағдайлар, адам тағдыры баяндалғанда, суреттелгенде жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы, көзқарасы да аңғарылады. Ол автордың өмір құбылыстарын жекелеген оқиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен, кейіпкерлердің халін қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан-ақ белгі беріп тұрады. Идея дайын күйінде, өзінен -өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені, шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн бойынан, бүкіл мазмұн мағынасынан, ондағы оқиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреттілік қасиетінен танимыз.
Идея көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы терең, өткір ой-сезімге толы шығармада әр бейне, әр сөз идеяның, ой-сезімнің қуатымен нәрленіп тұрады. Айтатын ой-пікірі құнарсыз, солғын, сезім күші әлсіз шығармада көркемдік түр, көркемдік қасиет болуы мүмкін емес. Өйткені ондай шығарманың құрылысы, сыртқы түрі, олардың жеке бедер белгілері – бәрі де өңсіз, әсерсіз сезіледі. Шығармада бастан-аяқ үзілмей, тұтасып тұрған жарастық –гармония, мазмұн мен түрдің, ой-сезім мен сөз кестесінің бірлігі жетімсіз болған соң, тіпті жекелей алғанда ұтымды айтылған сөздер, қисынды табылған бейнелер де әр жерде бөлек қалады [2]. Мәселен, «Ай мен Айша» романының идеясы – қазақтың ұлттық құндылықтарын игерген қазақ отбасының қиыншылықтарды жеңе білуі, намысты жоғары қоюы, қайсарлығы мен төзімділігі т.б.
Роман - сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт, ол тірлік кешкен орта ауқымында жан-жақты мүсіндейтін, басқа прозалық жанрларға қарағанда ұзақ уақытты, байтақ кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет