«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет60/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

Тақырыпты бекіту
Шығарманың  1  және  3-бөлімдері  бойынша  сахналық 
көрініс.


67
Осы жерде бауырларына бәйек болып күтуі, Сұлтанның 
туған күнін тойлауы (үзінді) және Қабенмен соңғы кездесуі 
көрсетіледі.
Шығарманы талдау.
Әпке кім болды? Не себепті ол өз бауырларына ана болу 
жолын  таңдады?  Неліктен  әпке  өз  жеке  өміріне  тыйым 
салды?  Ананың  туған    күнінде  жалғыз  қалуында  не  себеп 
болды? Әпке өз бауырларына өкпелі ме?
Қатынасты  талдау  (топтық  жұмыс).  Шығарма 
кейіпкерлерін, олардың арақатынасына талдау жасау:
1. Әпке мен Тимур, Камила. 2. Әпке мен Қабен. 3. Әпке 
мен Нәзила. 4. Әпке мен Омар.
Кейбір оқушылардың  жауабы.
Жансая: «Менің ойымша, Темірбек  пен Камила – адасқан 
кейіпкерлер.  Олардың  сөйлеген  сөздері,  іс-әрекеттері  мен  
мінез-құлықтарынан    үйлесім  табуға  болады.  Мысалы, 
аттарын  «Тимур»,  «Кама»  деп  бұрмалауы.  Сонымен  бірге 
ана тілін шұбарлап, орысшаны қосып сөйлеуін де көреміз. 
Сондай-ақ  ұлттық  тәрбиеден  ауытқушылықтарды  да 
байқаймыз:  дастарханға  арақ-шарапты  қоюы,  Камиланың 
темекі  тартуы,  өзін-өзі  бос  ұстауы.  Әпкеге  дұрыс  құрмет 
көрсетпеуі  Камиланың  басқа  ортаның  адамы  екенін 
байқатса, ал Темірбектің  әлсіздігі Камиланың сөзінен шыға 
алмауынан, аса алмауынан деп ойлаймын».
Ләйлә: «Әпке мен Қабен бір-бірін шын ұнатады, Қабен 
оған  адал  жан  болып  көрінеді.  Бірақ  өз  жеке  басының 
бағынан гөрі, Қамажай бауырларының бағын жоғары қояды, 
оларды аттап кете алмайды. Өз анасының аманатына қиянат 
жасай алмайды. Осы жерде  Қамажай нағыз қазақ әйелінің 
жинақы бейнесі болып келеді. Қабен оны түсінеді, ол үшін 
қуанады».
Айболат:  «Нәзила  мен  әпкеге  келетін  болсақ,  Нәзила 


68
–  өр  мінезді,  бауырмал,  сезімтал,  ойы  терең  бойжеткен. 
Ол  қолындағы  кішкентайды  қанағат  тұтады.  Өз  әпкесін 
ерекше құрметтейді, оған дегенде жаны бөлек. Ағаларына, 
бауырларына да жүрек жылуын беріп тұрады. Қамажайдың 
қамқорлығын,  адамгершілігін  қалай  мақтан  тұтса,  Омар 
ағасының  ұстамдылығын,  ақылдылығын  солай  мақтан 
тұтады».
Ұғымдарды талдау.
1-топ:  «Балалық  парыз».  2-топ:  «Аманатқа  қиянат 
жасамау». 3-топ: «Обал мен сауап». 4-топ: «Аналық борыш».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет