«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


олардың  кейбір  тұжырымдарына  ғылыми  тұрғыдан



Pdf көрінісі
бет9/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145
олардың  кейбір  тұжырымдарына  ғылыми  тұрғыдан 
келісе алмайтындығымызды да ашық айта кетпекпіз...» 
деп жазады
 («Түріктер жыужәндар», 11-бет). 
Көршіміз  Қытай  мемлекетінің  мектептері  мен  жоғары      
оқу  орындарында  ұлан-байтақ  Қазақстан  жерін  «біздің 


10
жеріміз»  деп  өтілуін  Қытай  әлі  тоқтата  қойған  жоқ. 
Сондықтан  қытай  тарихшыларының  өз  елінің  мүддесіне 
орай  тарихи  шындықты  бұрмалап  жазуы  әлем  құндылық-
тарына бейқам қарағанынан дерек береді.
Туған Отанының тарихын асқақтатып, көне замандарда 
өмір  сүрген  бабаларымыздан  қалған  жәдігерліктерді 
зерделеп,  келер  ұрпаққа  қызмет  ететіндей  ғылыми 
еңбектер  жазып  жүрген  ғалымдарымыз  баршылық.  Бірақ 
өз  халқының  тарихынан  мақұрым  қалып,  қарын  қамын 
ойлап жүрген,  өзгелердің жетегінде кетіп, өзге ұлттардың 
жарқын  болашағын  күйттеп  кеткен  ғалымсымақтарымыз 
да  жоқ  емес.  Ұлт  мүддесін  төмендетіп,  алдымен  өзінің 
қара    басының  қамын  ойлайтын  ғалымдар  жоғарыдағы 
қытай  ғалымының  жазғанын  тауып  алып  оқыса,  жерден 
жеті қоян тапқандай қуанатыны сөзсіз. Ондай ғалымдарға 
қытай ғалымының жазғаны керемет тарих болып көрінері 
хақ. Сондықтан қытай тарихшыларының жаңсақ пікірлерін 
қолдап,  қуаттап  кететін  жартыкеш  ғалымдарымыздың  
әрбір  жазған  мақаласына  дер  кезінде  қарсылық  білдіріп, 
өз  халқының  тарихи  болмысын  бұрмалап  жазатын  сол                                                                                                                      
«мәңгүрт  ғалымдармен»  күресті  бір  минөт  те  тоқтатпауға 
тиіспіз.
«Қытай  мемлекеті  тарихының  қалыптасуының  ең  бір 
күрделі  де  қызық  оқиғаларға  толы  кезеңі  –  оның  ежелгі 
және  орта  ғасырлардағы  тарихы  болып  саналады.  Осы 
тарихи кезеңде Қытай мемлекеті мен халқы өте ірі тарихи 
оқиғаларды бастан кешіріп, мәдениет пен ғылымның тамаша 
жетістіктеріне  қол  жеткізді.  Адамзат  тарихындағы  алғаш 
рет мемлекеттілікті қалыптастырып, оның сипаттарын дү-
ниеге келтірген, мемлекеттік құрылымдарды, оны басқару 
тәсілдерін  алғаш  рет  тәжірибеден  өткізе  бастаған  да  осы 


11
ел болатын. Дәл осы ежелгі заманда Қытай өзін қоршаған 
елдер  туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет