«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық


екі  мемлекетпен  де  қарым-қатынас  орнатты...»,  «



Pdf көрінісі
бет7/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   145
екі  мемлекетпен  де  қарым-қатынас  орнатты...»,  «...
Жүректері  толған  арамзалық,  өздері  қатыгез,  заңдары 
рақымсыз...»  («Түріктер  жыужәндар»,  түпнұсқамен 
салыстыра  отырып  орыс  тілінен  аударған,  алғы  сөзін 
түзген  және  құрастырған  –  Қойшығара  Салғараұлы.  А., 
«Санат», 1999 жыл, 25-бет).
Мәселен,  «Жыу  кітабында»  былай  деп  жазады:  
«Тумысынан  жауыз,  аяушылықты  білмейді.  Жазуды 
білмейді...»  («Түріктер  жыужәндар»,  түпнұсқамен 
салыстыра  отырып  орыс  тілінен  аударған,  алғы  сөзін 
түзген  және  құрастырған  –  Қойшығара  Салғараұлы.  А., 
«Санат», 1999 жыл, 36-бет).
Мұндай  пікірдің  жаңсақ  екенін,  сақ  дәуірінде  де,  ғұн 
дәуірінде де ежелгі сақтар мен ғұндарда жыршы-жыраулар 
болғанын,  домбыра  мен  қобыздың  сүйемелдеуімен 
би  билейтін  биші  қыздардың  болғанын  тарих  жоққа 
шығармайды.  Ежелгі  сақтарда  алтын  өндіру  өндірісі 
болған. Оған ежелгі сақ дәуірінде «Алтын адамнан» басқа 
археологиялық  қазба  жұмыстары  нәтижесінде  табылған, 
сапалы  алтын  қолданылған  қару-жарақтар,  білезік,  сырға, 
т.б.  заттардың    табылғаны  куә.  Сақтардың  алтын,  күміс, 
қола өндіру технологиясын жетік меңгергені белгілі. Тасқа   
қашап  жазулар  жазуды,  тастан  адамдардың  мүсіндерін   
жасап  өзге  мемлекеттерге  үлгі  болғаны,  қайтыс  болған 


7
адамның  құрметіне  қобызбен  азалы  әуенді  орындауы, 
балбал тастар орнатуы сол дәуірлерде мәдени дәстүрлердің 
озық  үлгісі  болып  саналған.  Алтын  өндіруді,  тастан, 
мәрмәрден  мүсін  жасауды,  қайтыс  болған  адамға  азалы 
әуен  орындауды,  қобыздан  скрипка  деп  аталатын  музыка 
аспабын  сақтардан  үйренген  еуропалықтар  еуроцентризм 
әдіснамасының  жаңсақ  тұстарын  алып  тастауы  тиіс. 
Әйтпесе, бүкіл адамзатты адастыруы мүмкін екенін айтуға 
болады. 
Түркілердің  жабайы  болып  сипатталуына  кейбір 
түркітанушы орыс ғалымдарының көне қытай жазбаларын 
дұрыс аудармауынан да болып отыр. Қытайдың көне жазба 
деректемелерін  әйгілі  шығыстанушы  Н.Я.Бичуриннің             
де  орыс  тіліне  аударғаны  белгілі.  Қ.Салғараұлы 
Н.Я.Бичуриннің  «Ежелгі  замандарда  Орта  Азияны 
мекендеген халықтар туралы мәліметтер жиынтығы» атты 3 
томдық  кітабындағы көне қытай жазба деректемелерін түп-
нұсқамен  (көне  қытай  тілінің  түпнұсқасы)  салыстырғанда 
Н.Я.Бичурин жіберген қателіктер бар екенін атап көрсетеді. 
Қойшығара Салғараұлы  былай деп жазады: «...Н.Я.Бичурин 
жіберген қателіктерді қайталауымызға және түрлі себеппен 
ол  аудармай  тастап  кеткен  сөздерді,  сөйлемдерді,  патша 
жарлықтарының  және  белгілі  бір  мәселе  жөніндегі  сарай 
ұлықтарының  пікірлерінің  тұтас  мәтіндерін  қалпына 
келтіруге де жағдай жасалынды.
Айталық, Бичурин түріктің Тобо қағанының Будда дінін 
таратушы  Шамын  Хуйлин  деген  миссионердің  айтқанына 
сүттей  ұйып,  сол  дінді  қабылдап,  діни  кітаптар  алдырған 
тұсын  былай  аударады:  «Тобо  поверил  ему,  и  сооружил 
Галань, отправил посланика испросить у Дома Ци Цизин  - 
мин – нйепханьхуа – цян и другие священие книги».


8
Ал  осы  жолдар  түпнұсқада,  яғни,  «Сү»  кітабында»: 
«Тобо  бұған  сенді  және  Челән  ғибадатханасын  тұрғызды.
Чи патшалығына арнайы адам жіберіп, «Жин – лин», «Ние 
–  пән»,  «Хуа–пән»  сияқты  дін  ережелері  жазылған  кітап-
тарды  және  «Шыну–ыңлүйді»  сұратты».  Мұнда  Бичурин 
ғибадатхана мен патшалықтың атын басқаша оқумен бірге, 
төрт кітаптың атын бір-ақ кітаптың аты етіп көрсеткен. Аса 
көп  болмағанмен  мұндай  қателіктер  Бичуринде  кездесіп 
қалып отырады...» 
(«Түріктер жыужәндар», 25-бет).
Еуроцентризм  әдіснамасының  адамзатқа  қауіпті 
екеніне Еуропадағы соңғы кездерде болып жатқан әр түрлі 
оқиғалар  куә.Жазушы  Салман  Рушдидің  мұсылмандарға 
қарсы  жазған  шығармалары,  «Мұсылмандардың  пәктігі» 
фильмінің  пайда  болуы,  Мұхаммед  Пайғамбарымыздың 
суретін  карикатуралап  шығаруы,  Құранды  өртеуі  т.б. 
мұсылмандарға, мұсылман түркілеріне қарсы жасалған іс- 
әрекеттер, келеңсіз оқиғалар – осының айғағы.
 
Белгілі  ғалымдар  Серік  Мақпырұлы,  Алма  Қыраубай-
қызы,  Гүлтас  Құрманбай  «Қазақ  әдебиеті»  оқулығында 
арғы бабаларымыздың сауаттылығы мен мәдениеті жайлы 
былай  деп  жазады:  «Ұлан-байтақ  қазақ  жері  –  ең  кемінде 
3–5 мыңжылдық тарихы бар көне мәдениет өлкесінің бірі.
Қазақтардың  арғы  ататегі  біздің  жыл  санауымызға  дейін-
ақ  Қазақстанның  қазіргі  аумағында  өмір  сүрген  сақ,  ғұн, 
үйсіндер  заманымыздың  V  ғасырынан  былай  түркілер 
атанған.
Сақтар біздің заманымыздан бұрын Моңғолия мен Дунай 
арасын мекендеген. 
Сақ сөзі қазақ тілінде күні бүгінге дейін 
сақталған. Мысалы: 
сақа (асық), сақпан, сақшы, қып – сақ 
(қыпшақ), т.б. Көшпелі сақтар жайындағы деректер ежелгі 
грек  тарихшысы  Геродоттың  «Тарих»  кітабында,  қытай 


9
шежірелерінде жазылып қалған.
Сақтардың  26  әріптен  тұратын  жазуы  болған.  Есік 
қаласының  маңынан  табылған  Алтын  бекзаданың 
жанындағы  күміс  тостағанда  «Аға,  саған  бұл  –  ошақ! 
Ошағынан  безгендер,  тізеңді  бүк!  Халықта  азық-түлік 
мол  болғай!»  деген  жазу  бар.  Алтын  бекзаданың  біздің 
заманымызға  дейінгі  VІІ–V  ғасырларда  өмір  сүргендігі 
анықталып отыр. Сақтар көне түркі тілінде сөйлеген. Күміс 
тостағандағы жазу мен біздің заманымыздағы VІІІ ғасырда 
жазылған  Орхон  жазулары  бірдей...» 
(А.  «Мектеп»,  2012, 
5-бет).   
«Жыу  кітабында»  ежелгі  сақтар  туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет