24
дағдысын және олардың танымдық белсенділігін арттырады,
орфографиялық, лексикалық, грамматикалық дағдыларды
қалыптастырады. Компьютерді қолданудың психологиялық
тұрғыда тиімділігі: олар студенттердің есту, көру, сөйлеу,
түрлі
ойындар ойнау, суреттер салуына септігін тигізеді.
Тестік жүйе арқылы студенттің білімін объективті тексеріп
отыруға болады. Тестік жүйе білім сапасын арттырудың
бір жолы десе де болады. Үздіксіз, әр тарауды біткен соң
тест арқылы студент білімін тексеріп отырамын. Студент
оқытушының үнемі назарында екенін сезінеді. [С.Байтасова.
Компьютерлік технология әдістерін практикалық сабақта
қолдану\\ ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1 (91),
2006, 87-б.].
Бүгінгі таңда электрондық оқулықтар білімді
ақпараттандырудың негізгі факторлары болып табылады.
Компьютер арқылы электрондық оқулықты орыс
бөлімдерінде қазақ тілін оқыту үрдісінде жандандырып,
сапасын арттыра түседі. Сондықтан сабақта электрондық
оқулықтарды қолдану арқылы монологтық айтылым,
сұхбаттық айтылым, тыңдап түсіну, оқылым, жазылым
сияқты айтылымның барлық түрін қамтитын жұмыстарды
жүргізуге болады. Сонда тіл үйренуші өтілген материалдар
негізінде белгілі бір лексикалық минимум көлемінде әңгіме
жүргізе алуға және толыққанды хабар жасай ала білуге
үйренуі қажет.
Электрондық оқулықтардың тиімділігі мынада:
студент
арнайы бағдарламамен жұмыс істейді; студенттің білімі
компьютерлік жүйе арқылы бағаланады; иллюстрациялық
әдіс көп қолданылады; ойлау жүйесінің дамуына түрткі
болады; берілген тапсырмаға деген қызығушылығын
арттырады.
25
Электрондық оқулықты университетте қолдану –
студенттердің жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік
жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға
мүмкіндік береді. [Г.Рысбаева. «Электрондық оқулықтардың
қажеттілігі» //Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2004,
№12, 28-б.].
А.Омарова «Қазақ тілін оқытуда мультимедиа
технологиясын қолдану» атты мақаласында тіл үйренушінің
компьютерлік әдістемелік қызметін былай айқындап
көрсетеді: «1. Көмекші қызметі: қатысымдық – чат арқылы
тілдесуге болады: ұйымдастырушылық-қызықтырушылық –
қазіргі уақытта компьютер адамдарды қатты қызықтырады,
осының өзі жағымды фактор болып саналады. 2. Негізгі
қызметі: ақпарат берушілік – компьютердің ең тиімді жағы
ақпаратты сақтауға және оны өңдеуге мүмкіндік беруі,
сондықтан компьютер тіл үйренуде ақпараттық жүйе ретінде
пайдаланылады; жаттықтырушы – компьютер арқылы тіл
үйренуде студенттің тілдік материалдарды жаттап алуы үшін
бірнеше рет қайталауына мүмкіндік болады; бақылаушылық-
түзету – ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарын
тексеруге, тексерудің шынайы болуына, оқытушының
бақылау жұмысын тексеруге уақытын бөлмеуге, бақылау
жұмысының қорытындысын жасауға тиімді» [Қазақ тілін
оқытуда мультимедиа технологиясын қолдану \\ ҚазҰУ
хабаршысы.
Филология сериясы, №1 (91), 2006, 117-б.].
Ұстаз ұтымды әдістерді пайдалану арқылы оқушының
білімге деген ынтасын ұштайды, таным көкжиегін кеңейтеді.
Оқушы бірте-бірте ұстаз дәрісін жалыға тыңдаушыдан
белсенді ойлаушы, ізденімпаз шәкіртке айналады. Олай
болса, білім беру жүйесін ақпараттандыру жастардың
танымдық, шығармашылық, саралау, талдау, жүйелей білу
26
сияқты қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту
арқылы қалыптастыруды көздейтін адам дүниетанымының
құрамдас бөлігі болып табылатын зияткерлік дамуды
қалыптастырудың аса маңызды да тиімді жолы екені белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: