«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf көрінісі
бет16/145
Дата16.05.2022
өлшемі0,95 Mb.
#34593
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145
Байланысты:
kazak tili men debieti 2013 no 08

Әлия БАКИЕВА
Фарида БАЙБАТАНОВА,
Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс 
Қазақстан мемлекеттік
техникалық университетінің 
оқытушылары.
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА 
АҚПАРАТТЫҚ ТЕхНОЛОГИяНЫ 
ПАЙДАЛАНУ
Ғылым  мен  техниканың  даму  қарқыны  білім  беру 
саласында  оқыту  үрдісіне  жаңа  технологиялық  әдістер, 
оның  ішінде  интерактивті  құралдарды  кең  көлемде 
қолдануды  қажет  етеді.  “Қазіргі  заманда  жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа 
сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет” деп Елбасымыз атап 
көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық 
технологияны  оқу  үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін 
арттырудың маңызы зор. 


21
Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір 
жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Қазір кез келген 
білім  беру  саласында  мультимедиалық  электрондық  оқыту 
құралдарын  барлық  пәндерді  оқытуға  пайдаланады.  Бұл 
бағытта ақпараттық технологияны оқыту үрдісіне қарқынды 
түрде  енгізу  бағытында  қолданылатын  құралдардың  бірі  
–  бағдарламалық-техникалық  кешен  болып  саналатын 
интерактивті  тақтаны  тиімді  пайдалану  арқылы  берілетін 
білімнің сапасын арттыруға болатынына көз жетіп отыр.
Жаңа әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, тиімді оқыта білу үшін 
әр  ұстаз  өз  пәніне  сүйіспеншілікпен  қарап,  ерінбей  еңбек 
етіп,  қазіргі  заман  талабына  сәйкес  компьютер  тілін  білуі 
қажет.  Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі  заманда 
әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. Компьютер 
қоғамның  барлық  саласын  толық  қамтып,  әр  адамның 
өміріндегі  қажетті  құралға  айналды.  Бүгінгі  таңда  сабақ 
өткізу  барысында  компьютерді  пайдаланбайтын  пән  жоқ. 
Басқа  пәндер  сияқты  қазақ  тілі  сабағында  да  компьютерді 
пайдалануға  толық  мүмкіндік  бар.  Компьютерді  қолдана 
отырып  білім  беру  қазақ  тілі  пәнінің  оқытылуын  жаңаша 
құруға  мүмкіндік  береді.  Пәнді  үйренудің  әдістемесі 
әлі  қалыптасу  үстінде,  өйткені  ағылшын  тілін  үйрену 
әдістемесінің  екі жүз жылдық, орыс тілін үйретудің жетпіс-
сексен жылдық тарихы бар. Пәнді компьютер арқылы оқыту 
үшін  бізге  көп  ізденіс  керек.
 
Компьютер
 
арқылы
 
оқытуда 
оқытушының рөлі ерекше, өйткені ол студенттерге қажетті 
білім  береді,  сол  білімнің  көмегімен  студент  өзінің  нақты 
дайындық деңгейі негізінде компьютерді пайдалана отырып, 
өзін-өзі дамыта алады. Бірақ компьютер оқытушыны толық 
алмастыра алмайды, себебі ол оқу үрдісінің орталық тұлғасы 
бола тұра, студентке тек бағыттаушы ретінде әсер етеді, оқу 
материалын дайындайды, көмек беру деңгейін анықтайды. 


22
Компьютер тек қана ақпарат беретін құрылғы ретінде қызмет 
атқарып қоймайды, оның көмегімен бізге ақпаратты енгізуге, 
жүйелеуге, сақтауға және беруге болады. [Г.Жақыпова. Қазақ 
тілін компьютер арқылы оқытудың психологиялық жай-күйі 
// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №5, 18-б.].
Ақпараттық 
технология 
тек 
жеке 
даралықты 
қарастырмайды,  ол  бірдей  жастағы  балалардың  ортақ 
қасиеттерін  жүйелей,  жинақтай  отырып  оқу  ақпаратын 
меңгерудің  ортақ  жақтарын  да  қарастырады.  Себебі  әр  тіл 
үйренушінің материалды меңгеру деңгейлері әр түрлі, бірақ 
меңгеру талаптары барлығына ортақ болуы тиіс. Сондықтан 
да  ақпараттық  технологияны  меңгерудің  сатылап  жүру 
кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық 
және  топтық  оқыту  әдіс-тәсілдерін  интеграциялық  түрде 
қолданудың маңызы зор.
Ақпараттық  технологияны  қазіргі  заман  талабына  сай 
пайдалану  мүмкіндігі  мен  тиімділігі  білім  беру  үрдісінде 
шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді. 
Оқытушылар үшін тиімділігі мынадай: а) студенттің өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет