22
Компьютер тек қана ақпарат беретін құрылғы ретінде қызмет
атқарып қоймайды, оның көмегімен бізге ақпаратты енгізуге,
жүйелеуге, сақтауға және беруге болады. [Г.Жақыпова. Қазақ
тілін компьютер арқылы оқытудың психологиялық жай-күйі
// Қазақ тілі мен әдебиеті, 2004, №5, 18-б.].
Ақпараттық
технология
тек
жеке
даралықты
қарастырмайды, ол бірдей жастағы балалардың ортақ
қасиеттерін жүйелей, жинақтай отырып оқу ақпаратын
меңгерудің ортақ жақтарын да қарастырады. Себебі әр тіл
үйренушінің материалды меңгеру деңгейлері әр түрлі, бірақ
меңгеру талаптары барлығына ортақ болуы тиіс. Сондықтан
да ақпараттық технологияны меңгерудің сатылап жүру
кезеңдерінде тұлғалық бағдарлау, модульдік оқыту, даралық
және топтық оқыту әдіс-тәсілдерін интеграциялық түрде
қолданудың маңызы зор.
Ақпараттық технологияны қазіргі заман талабына сай
пайдалану мүмкіндігі мен тиімділігі білім беру үрдісінде
шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік береді.
Оқытушылар үшін тиімділігі мынадай:
а) студенттің өз
Достарыңызбен бөлісу: